Рингке оралады. Боксшының менеджері биылға екі айқас жоспарлаған.
ERNUR.KZ. Орта салмақтағы қазақстандық боксшы Қанат Ислам (28-0, 22 КО) Америкаға аттанып, жаттыға бастамақ, деп жазады Vesti.kz.
"Мамыр айында ол үйінде болып, отбасына уақыт бөлгісі келді. Алайда осы айда ол жаттығуларына қайта кіріспек. Қанатты жаңа бапкер жаттықтыра бастауы ықтимал", - дейді мәлімет көзі.
Мұның алдында қазақстандықтың менеджері Нельсон Лопес екі жекпе-жек жоспарлап отырғандарын және біреуі маусым айында өтетінін айтқан болатын.
Еске салайық, 21-ақпан Майамиде өткен кейінгі жекпе-жегінде Қанат Ислам эквадорлық Джейсон Миндуны (14-4-1, 8 КО) жетінші раундта нокаутқа түсірген.