Қазақстан боксшылары Азия чемпионатында командалық есепте топ жарды

0
535

Елнұр Сүйінбай турнирдің ең үздік боксшысы атанды.


Қазақстан боксшылары Азия чемпионатында командалық есепте топ жарды

ERNUR.KZ. Дубайда өткен жастар мен юниорлар арасындағы бокстан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы 47 медаль жеңіп алды: 19 алтын, 15 күміс және 15 қола, деп жазады Azattyq Rýhy.

Қайрат Сатжанов пен Елдос Сайдалин жаттықтыратын юниорлар мен қыздардар құралған команда Азия чемпионатында бас-аяғы 22 медаль еншіледі: 11 алтын, 6 күміс, 5 қола.
Жалпыкомандалық есепте қазақстандық боксшылар бірінші орынға ие болды (19/15/15). Екінші орында – Өзбекстан (17/10/12), ал үшінші орында – Үндістан (14/14/11).
Қазақстандық Елнұр Сүйінбай техникалық тұрғыда турнирдің ең үздік боксшы атанды. Оған арнайы сыйлық табысталды.