Бұл кездесуде Қазақстан құрамасының шабуылшысы Альберт Ақбалықов покердің авторы атанды.
ERNUR.KZ. Алматылық "Қайрат" футзал командасы Қазақстан біріншілігінің 27-турында "Ақтөбе" командасын 6:1 есебімен жеңді, деп жазады Vesti.kz.
Бұл кездесуде Қазақстан құрамасының шабуылшысы Альберт Ақбалықов покердің авторы атанды. Алматылық команда сапында тағы бір голды Шыңғыс Есенаманов соқса, Қайрат Иманалин өз қақпасына бір гол соқты. Сонымен қатар Иманалин "Қайрат" қақпасына да бір гол салды.
Осы ойыннан кейін "Қайрат" 64 ұпай жинап, турнир кестесінде бірінші орында. Ал "Атырау" 50 ұпай жинап, екінші тұрса, 45 ұпай жинаған "Аят" үшінші сатыда. 30 ұпайы бар "Ақтөбе" болса бесінші орында.