Қазақстан құрамасының қоржынына тағы да Париж олимпиадасының төрт жолдамасы түсті.
ERNUR.KZ. Қазақстан құрамасы жеңіл атлетикадан Париж олимпиадасының төрт жолдамасын иеленді, деп жазады stan.kz.
Қазақстан құрамасының қоржынына тағы да Париж олимпиадасының төрт жолдамасы түсті. Қазақстандық жеңіл атлеттер әлемдік рейтингтегі жағдайларына байланысты Парижде өнер көрсету мүмкіндігіне ие болды. Ольга Сафронова 200 метрге жүгіруден бақ сынаса, Елизавета Матвеева мен Надежда Дубовицкая биікке секіруден сынға түседі. Сондай-ақ 3000 метрге кедергілерден өту арқылы жүгіру сайысында Дэйзи Джепкемей өнер көрсетеді. Дегенмен спортшыларға ресми жолдамалар 7 шілде күні табысталады.