Қазақстандық футболшы карьерасын аяқтады

0
1 000

Павлодарлық футбол мектебінің түлегі кәсіпқой карьерасында 21 маусым өткізген.


Қазақстандық футболшы карьерасын аяқтады

ERNUR.KZ. 37 жастағы жартылай қорғаушы Константин Заречный ойыншы карьерасын аяқтады, деп жазады vesti.kz.

Павлодарлық футбол мектебінің түлегі кәсіпқой карьерасында 21 маусым өткізген, ең алғаш ол 2001 жылы "Ертісте" ойнай бастады. Одан кейін "Экибастузец", "Тараз", "Жетісу", "Атырау" мен "Ақжайық" сапында өнер көрсеткен.

Сонымен қоса, Заречный бірінші лигадағы клубтарда да ойнайды - "Алтай" мен "Ақсу".

2021 жылғы маусымда "Ақсу" үшін 14 матчке қатысып, екі гол салып, бір нәтижелі пас берді.