Қазақстандық клуб Мессиге ұсыныс жасады

0
444

Футбол клубы Мессиді Түркістанға шақырды.


Қазақстандық клуб Мессиге ұсыныс жасады

Футболдан Аргентина құрамасының шабуылшысы Лионель Месси «Барселона» футбол клубынан кетті. Әзірге ешбір футбол клуб қатарына қосылмаған ойыншыны өз қатарына шақырғаны жайлы қазақстандық TURAN футбол клубының ресми парақшасында жазба жарияланды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

«Түркі әлемінің рухани астанасы Түркістанға шақырамыз!», - делінген жазбада.



Еске салайық, бұған дейін "Барселона" Месси командадан кететіні туралы хабарлаған болатын. Тараптар экономикалық ережелер мен шектеулерге байланысты жаңа келісімге келе алмаған.

"Тұран" 19 турдан кейін 18 ұпай жинап, КПЛ кестесінде 12-ші орында тұр.