Жекелей сында бұған дейін қазақстандық теннисшілерден ешкім ондыққа еніп көрген емес.
ERNUR.KZ. Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) жаңартылған рейтингті жария етті, деп жазады stan.kz.
Қазақстанның үздік теннисшісі Елена Рыбакина Аустралия ашық чемпионатының финалына дейін жетуі нәтижесінде 25-тен 10-орынға көтеріліп, өз спорт жолында алғаш рет үздік ондыққа енді.
Жекелей сында бұған дейін қазақстандық теннисшілерден ешкім ондыққа еніп көрген емес.
Елена Путинцева 47-ден 44-сатыға жоғарылады.
Жұптық сында Анна Данилина 24-орында тұр.
Қазақстандық теннисшілердің 30 қаңтардағы көрсеткіші мынадай:
10. (+15). Елена Рыбакина – 2815
44 (+3). Юлия Путинцева – 1114
449 (+34). Жібек Құламбаева – 102
506(+79). Гөзал Айнитдинова – 82
543. (-73). Анна Данилина – 70
1182 (0). Аружан Сағындықова – 7.