14 жасқа дейінгілер арасында Заңғар Нұрланұлы бұрынғысынша көш бастап келеді.
ERNUR.KZ. Tennis Europe ұйымы биыл күзде Монте-Карлода өтетін Junior Masters турниріне орай жаңартылған рейтингті жария етті, деп жазады Vesti.kz.
14 жасқа дейінгілер арасында Заңғар Нұрланұлы бұрынғысынша көш бастап келеді. Оның еншісінде 520 ұпай бар. Жалпыеуропалық рейтингте Заңғар 4-орында қалды. Ал Қазақстанның басқа жас жұлдыздары Дамир Жалғасбай мен Даниэль Тазабеков өз көрсеткіштерін жақсартты. Даниэль 37, Дамир 39-сатыға көтерілді. Жуырда Үндістанның Нью-Дели қаласында 14 жасқа дейінгілер арасында Азия/Тынық мұхит аймағы бойынша өткен іріктеу турнирінде осы теннисшілер 3-орынға ие болып, Қазақстан жасөспірімдер құрамасы тұңғыш рет әлем чемпионатының финалдық кезеңіне жолдама алған болатын.
Халықаралық теннис федерациясы да 18 жасқа дейінгілер арасында әлемдік рейтингті жаңартты. Мұнда үздік 100 теннисшінің қатарына кірген Максим Батютенко 77-орынға жайғасты. Ислам Орынбасар 211-інші, Даниил Фелькер 269-сатыда тұр. Даниал Рахматуллаев бірден 393-тен 371-ге, Әмір Омарханов 704-тен 526-ға жоғарылады. Қыздар арасында Аружан Сағындықова 77-орнын сақтап қалса, Сандуғаш Кенжебаева 116-ыншы, Дана Байдәулет 147-інші, Жанель Рүстемова 156-ыншы, Еркежан Арыстанбекова 190-сатыда келеді.