Қазақстан мен Босния және Герцоговина құрамалары арасындағы кездесу 9 қазан күні Нұр-Сұлтан қаласында өтеді.
ERNUR.KZ. 2022 жылғы әлем чемпионатының іріктеуі аясында Қазақстан құрамасына қарсы ойын алдында Босния және Герцоговинаның көшбасшысы ойыншылары жарақат алып қалды, деп жазады vesti.kz.
Боснияның белді ойыншысы Миралем Пьянич "Бешикташ" командасы сапында жарақат алды. Енді ол қатарға шамамен үш аптадан кейін қайта оралады. Алдағы кездесуде Ивайло Петев "Миланның" жартылай қорғаушысы Раде Круничке сенім арта алмайды.
Сонымен қатар Марио Вранчич "Сток Сити" командасының ойынында жарақат алды. Ол тіпті Ұлттық құрамасының қатарына келмеуі де мүмкін.
Еске салайық, Қазақстан мен Босния және Герцоговина құрамалары арасындағы кездесу 9 қазан күні Нұр-Сұлтан қаласында өтеді.