Ел үздіктері анықталды.
ERNUR.KZ. Олимпиада мен паралимпиададан кейін сурдолимпиада өтеді, деп жазады 24.kz.
Есту қабілеті нашар спортшылар арасындағы дүниежүзілік дода биыл мамырда Бразилияда болады. Осыған байланысты еліміздің түкпір-түкпірінде әртүрлі жарыстар ұйымдастырылып, ұлттық құрама жасақталып жатыр.
Мәселен, жеңіл атлетика шеберлері елордада бас қосты. Қазақстан біріншілігіне 120 қатысушы жиналды. Олар 14 бағыт бойынша өзара мықтыны анықтады. Нәтижесінде бұрынғы рекордтар жаңарып, жаңа есімдер пайда болды.
Мәселен, жамбылдық Қуаныш Қырықбай қысқа және орта қашықтыққа жүгіруде алдына жан салмады. Биіктікке секіруде Владимир Беккер, ал ұзындыққа секіруде Валерий Терещенко жақсы өнер көрсетті.
Енді ел үздіктері тағы бір дайындықты пысықтап, ел намысын қорғауға аттанады.