​Қысқы универсиада: Қазақстан медальдар кестесінде үздік үштікке енді

0
69

Қазақстан құрамасы екі алтын, үш күміс, бір қоламен екінші орынға көтерілді.


​Қысқы универсиада: Қазақстан медальдар кестесінде үздік үштікке енді

Фото: olympic.kz

ERNUR.KZ. Италияның Турин қаласында өтіп жатқан қысқы универсиада ойындарында Қазақстан медальдар кестесінде үздік үштікке енді, деп жазады inform.kz.

Қазақстан құрамасы екі алтын, үш күміс, бір қоламен екінші орынға көтерілді.

Медальдар саны жөнінен Франция құрамасы алда келеді. Франциялықтар 4 алтын, 1 күміс, 1 қола алып үлгерді.
Финляндия құрамасы 2 алтын, 2 күміспен үшінші орында тұр.
Қазақстан қоржынына қос алтынды да фристайлшы, 19 жастағы Анастасия Городко салды. Ол алдымен фристайл-могулда алдына жан салмады. Содан кейін фристайл жұптық-могулда жеңімпаз атанды.
Сондай-ақ Аяулым Әмренова мен Антон Бондарев (екеуі де фристайл жұптық-могул) және Денис Зинов (парашаңғы, 10 км) күміс, Роман Құрбанов (парашаңғы, 10 км) қола медальға қол жеткізді.