Қытайлық компания жануар тілін адамдарға түсінікті етуді жоспарлап отыр

0
72

Өтінімдерді бағалау процесі бір жылдан бес жылға дейін созылуы мүмкін.


Қытайлық компания жануар тілін адамдарға түсінікті етуді жоспарлап отыр

ERNUR.KZ. Жасанды интеллект енді жануарлар тілін адам тіліне аударады, деп жазады Stan.kz.

Қытайлық жасанды интеллект алыбы Baidu жануарлардың дыбыстарын адам тіліне аударуға арналған технологияға патент берді. Өтінім желтоқсанда берілген. Мұндай жаңалықты Қытайдың ұлттық зияткерлік меншік әкімшілігі 6 мамырда мәлімдеді.

Аударма әдісі белгілі бір түрден әртүрлі деректерді, соның ішінде дауыс, дене тілі, мінез-құлық өзгерістері және басқа да биологиялық сигналдарды жинау арқылы жасалады. Жүйе ақпаратты мақсатты тілге түрлендіруден бұрын эмоцияны анықтау үшін талдайды. Технология нейрондық желілерді және машиналық оқытуды пайдаланады.




Өтінімдерді бағалау процесі бір жылдан бес жылға дейін созылуы мүмкін.

Baidu технологияны пайдалануға қатысты өз ниетін нақтылаған жоқ. Сондықтан жануарларды түсінуге арналған жаңа қосымшаның жариялану-жарияланбауы белгісіз.