Еурокубок маусымын Чемпиондар Лигасынан бастаған Қостанайдың командасы бірінші іріктеу айналымында Венгрияның "Ференцварошына" есе жіберді.
ERNUR.KZ. "Тобылдың" бас бапкері Милан Миланович Конференция Лигасы аясындағы "Линкольнге" қарсы өтетін матчы туралы ойымен бөлісті, деп жазады Vesti.kz.
""Линкольннің" құрамында командасын алға сүйрейтін тәжірибелі ойыншылар бар. Олардың кейбірі Испания мен Англияның түрлі лигаларында ойнады. Олар соңғы жылдары еурокубоктарда өте жақсы өнер көрсетіп жүр. Қарсыластың былтырғы көрсеткіші бәріңізге белгілі. Бірақ бізді бірінші кезекте біздің ойын қызықтырады. Басты мақсатымыз – Конференция Лигасының келесі кезеңіне өту", - дейді Миланович.
Еске салайық, биылғы еурокубок маусымын Чемпиондар Лигасынан бастаған Қостанайдың командасы бірінші іріктеу айналымында Венгрияның "Ференцварошына" есе жіберді.