Пхенчхандағы олимпиада ойындарында аалғашқы допинг дауы да орын алды. Жапон шорт-трекшісі Кэй Сайтоның допинг сынамасы оң нәтиже беріп, уақытша жарыстардан шеттетілді.
Жапон шорт-трекшісі Кэй Сайтоның допинг сынамасы оң нәтиже беріп, уақытша жарыстардан шеттетілді, - деп хабарлайды Sputnik Спорттық төрелік сотының сайтына сілтеме жасап (CAS).
21 жастағы спортшының қанынан тыйым салынған препарат – диуретик табылған, бұл Пхенчхандағы Қысқы ойындарда допинг сынамасының алғаш рет оң нәтиже беруі.
Кэй Сайто Олимпиадаға қатыспауға келісіп, қалашықтан кетіп қалды. Уақытша шеттетілу ISU басшылығымен өткізілетін жарыстарды да қамтиды.