Олимпиада-2018: Қазақстандық спортшылар финалға шықты

0
1 710

Қысқы олимпиада ойындарында ерлер арасында шорт-тректен 5000 метрге сайыстар өтті. Онда Қазақстан құрама командасы Нидерланды, Қытай және Канада құрамасына қарсы өнер көрсетті.


Олимпиада-2018: Қазақстандық спортшылар финалға шықты

фото: pyeongchang2018.com

Қысқы Олимпиада ойындарында ерлер арасында шорт-тректен 5000 метрге сайыстар өтті. Онда Қазақстан құрама командасы Нидерланды, Қытай және Канада құрамасымен айдынға шықты. Өкінішке орай, біздің шорт-трекшілердің бірі жарыстың ортасында құлап қалды. Нәтижесінде, қазақстандықтар мәреге 3-ші болып жетті. Бірінші орынды Қытай, екінші орынды Канада иеленді. Ал, Нидерланды спортшысы мәре сызығына бірнеше метр қалғанда канадалық қарсыласын құлатып кеткені үшін жарыстан шеттетілді. Финалдық бәсеке 22 ақпан күні өтеді.