Олимпиада 2018: Бүгін Екатерина Аидова жарыс жолына шығады

0
1 406

Бүгін байрақты бәсекеге қатысушылар 8 медаль жиынтығын сарапқа салады. Яғни биатлон, сноу-борд, фристайл, скелетон, тау шаңғысы және конькимен жүгіру сияқты спорт түрлерінде чемпиондар анықталады.


Олимпиада 2018: Бүгін Екатерина Аидова жарыс жолына шығады

фото: 24.KZ

24.KZ. Бүгін байрақты бәсекеге қатысушылар 8 медаль жиынтығын сарапқа салады. Яғни биатлон, сноу-борд, фристайл, скелетон, тау шаңғысы және конькимен жүгіру сияқты спорт түрлерінде чемпиондар анықталады. Қазақстандық спортшылар соңғы 2 сында бақ сынайды. Нақтырақ айтсақ, 1500 метрге конькимен жүгіруде ел намысын Екатерина Аидова қорғайды. Талай әлемдік додаларда топ жарып жүрген жерлесімізден үміт мол. Сонымен қатар ол 2010 және 2014 жылдардағы Олимпиада ойындарына қатысқан. Сондықтан Екатеринаның жүлделі болуы әбден мүмкін. Ал тау шаңғысында қазақстандық Марина Григорова жарыс жолына шығады. Отандық спортшылардың қатысуымен өтетін жарыстарды «Хабар» арнасы тікелей эфирде көрсетеді. Ал спорттық бәсекелердің жалпы кестесімен «Хабар 24» және «Хабар» арнасының сайттары арқылы таныса аласыздар.