Токиода Қазақстаннан грек-рим күресінде ешкім қалмады.
ERNUR.KZ. Токио Олимпиадасында грек-рим күресінен үшінші жарыс күні басталды, деп жазады Olympic.kz.
Бүгін 87 келі салмақ дәрежесіндегі балуандар белдесіп жатыр.
Аталған салмақ бойынша Қазақстан сапынан Нұрсұлтан Тұрсынов кілемге шықты.
Оның алғашқы қарсыласы германиялық Денис Кудла болды.
Екеуара кездесу 4:1 есебімен отандасымыздың қарсыласының еншісіне шешілді.