Он тоғыз жастағы қазақстандық футболшы қаза болды

0
1 308

Ойыншының өмірден ерте озуының себебі хабарланған жоқ.


Он тоғыз жастағы қазақстандық футболшы қаза болды

ERNUR.KZ. Көкшетаулық "Оқжетпес" жастар клубының футболшысы Роман Зюзин 19 жасында қаза болды, деп жазады sputniknews.kz.

"Жақын адамнан, достан айырылу өте ауыр. Мықты, денсаулығы зор жастардың қаза болуы екі есе қиын. "Оқжетпес" футбол клубы Роман Зюзиннің туыстары мен жақындарына көңіл айтады. Роман көкшетаулық "Оқжетпес" клубының жастар командасында өнер көрсеткен болатын".