Бұл шешім 90 миллион теңгедей бюджет қаржысын үнемдеуге мүмкіндік береді.
ERNUR.KZ. Оның басты себебі, спортты дамытуға деп бөлінген қаржының жұмсалу тәртібі, деп жазады 24.kz.
Мысалы, аталған ұйымда 9 жаттықтырушы болса, 23 әкімшілік басқарушы, 32 техникалық қызметкер тіркелген екен. Күзетшілердің үстінен қарайтын бас күзетші деген лауазым да қамтылған. Әрі клуб орналасқан «Арман» спорт кешенінің едені ағаш емес, бетон. Ал ондай орында балалар жарақат алып қалуы қаупі зор, дейді сала басшылары.
Қазір 9 бапкер басқа спорт мектептеріне ауыстырылды, өзге мамандарға да жұмыс қарастырылып жатыр. Сондай-ақ өңірдегі өзге де спорт нысандарынан 72 қызметкерді қысқарту көзделген. Бұл шешім 90 миллион теңгедей бюджет қаржысын үнемдеуге мүмкіндік береді.
"Бөлінетін қаражат жаттықтырушы мен спортшыға жету керек. Мақсат солай. Орташа есеппен алғанда бір мектепке 10 млн теңге бөлінетін болса айына, кейбір мектептеде баланың жарысқа шығуына 1-2 млн теңге бөлінеді. Қалған қыруар қаржы сол мектептегі 50-60 шақты адамдар бар, басшыдан бастап күзетшілерден, соларға кетеді екен. Соларды оңтайландыру жүріп жатыр", дейді Қаймен Есендияров, облыстық спорт басқармасының басшысы.