Қосымша уақытта 119-минутта пенальтимен Елхан Астанов гол салып, "Ордабасыға" жеңіс әкелді.
ERNUR.KZ. Футболдан Қазақстан кубогы - 2022 финал ойыны аяқталды, деп жазады Tengrinews.kz.
"Астана Аренада" өткен матчте кубокты "Ақжайық" пен "Ордабасы" командалары сарапқа салды.
11-минутта оралдықтар 2:0 есебімен алға шықты. Голды Завен Бадоян (7-минут) пен Том Табатадзе (11-минут) соқты.
"Ордабасы" 26-минутта Самат Шәмшінің күшімен бір голдың есесін қайтарды. Ал екінші таймда Всеволод Садовскийдің голы есепті теңестіруге мүмкіндік берді - 2:2.
Алайда көп ұзамай "Ақжайық" тағы екі гол соқты - Табатадзе (67) мен Илья Коваленко (73).
"Ордабасы" 76-минутта Максим Федин артта қалған есепті қысқартты - 4:3. 98-минутта Луис Гуедес шымкенттіктерді жеңілістен құтқарып қалды - 4:4.
Қосымша уақытта 119-минутта пенальтимен Елхан Астанов гол салып, "Ордабасыға" жеңіс әкелді.
Кездесу "Ордабасының" жеңісімен аяқталды. Шымкенттік клуб бұл жүлдені екінші рет жеңіп алды, енді "Ордабасы" 2023/24 маусымында еурокубоктарға қатысады.