Париж-2024: Қазақстан медальдар кестесінде төмендей түсті

0
678

Жалпы медальдар саны бойынша Қытай құрамасы көшбасшылықты берер емес.


Париж-2024: Қазақстан медальдар кестесінде төмендей түсті

ERNUR.KZ. Франция астанасы Париж қаласында өтіп жатқан Олимпиада ойындарында Қазақстан құрамасы жалпы медальдар кестесінде төмендеп бара жатыр, деп жазады inform.kz.

Жалпы медальдар кестесі бойынша Қазақстан құрамасы 1 алтын, 2 қола медальмен 25-орынға жайғасты. Ал, жалпы медальдар саны бойынша Қытай құрамасы көшбасшылықты берер емес. Олар алтын медальдар санын 13-ге жеткізді. Одан бөлек 9 күміс, 9 қола жүлдесі бар. Ал екінші орында жарыс қожайындары Франция келе жатыр. Олардың еншісінде әзірге 11 алтын, 12 күміс, 13 қола бар. Ал үздік үштікті 11 алтын, 6 күміс, 5 қола жүлдемен Австралия құрамасы түйіндеп тұр.

Париж Олимпиадасында 5 мемлекеттің қоржынына алғашқы жүлделері түсті. Осылайша медаль алған елдер саны 50-ге жетті.

Естеріңізге сала кетсек, Франция астанасы Париж қаласында өтіп жатқан XXXIII жазғы Олимпиада ойындары 11 тамызда мәресіне жетеді. Ойындарға әлемнің 205 елінен 10 500 спортшы қатысып жатыр. Олимпиадашылар 32 спорт түрінен 329 медаль жиынтығы сарапқа салуда.