Transfermarkt порталы ойыншыны 250 мың еуроға бағалап отыр.
ERNUR.KZ. "Ахмат" 22 жастағы ресейлік жартылай қорғаушы Амир Адуевтің "Шахтерға" ауысқанын хабарлады, деп жазады vesti.kz.
Ойыншы қарағандылық клубқа 2022 жылдың соңына дейін жалға берілді. Бірақ «Ахмат» футболшыны 1 маусымнан бастап клубқа қайтара алады.
Амир Адуев бала кезінен Францияда өмір сүрген. Ол "Монпелье" жастар командасымен бірге ел чемпионы атанып, Гамбарделла кубогін иеленді. Франциялық клуб сапында 16 матчта 7 гол соғып, 1 нәтижелі пас берді.
2020 жылдың қазан айында Адуев "Ахматпен" 4 жылдық келісім-шартқа отырады. Ол ресейлік клубта 27 матч өткізді.
Transfermarkt порталы ойыншыны 250 мың еуроға бағалап отыр.