Жеңімпаз команданы қала әкімінің өзі құттықтап, 20 миллион теңгенің сертификатын табыстады.
Шымкенттегі Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы орталық стадионында үш айға созылған «Шымкент жастар лигасы» атты спорттық сайысының бірінші кезеңі аяқталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Спорттық шараға арнайы келген Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов футболдан №58 жалпы орта білім беретін мектебі мен А. Назарбеков атындағы №87 жалпы орта білім беретін мектебінің арасында өткен шешуші ойынды тамашалады.
Финалда тартысты ойын көрсеткен №87 жалпы орта білім беретін мектебінің командасы 1:0 есебімен жеңіске жетті. Жеңімпаз команданы қала әкімінің өзі құттықтап, 20 миллион теңгенің сертификатын табыстады.
Ал екінші орын №58 жалпы орта білім беретін мектебінің еншісінде. Үздік үштікті №3 Ұлықбек атындағы жалпы орта мектебі қорытындылады.