Шымкентте Ақпан батырды еске алу турнирі мәресіне жетті

0
2 143

ERNUR.KZ. Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі алғаш рет ұйымдастырған жарысқа қазақстандық спортшылардан өзге Ресей, Украина, Өзбекстан және Қырғызстаннан жалпы 100 ге жуық қатысушылар келген.

Жартылай финал бәсекелерінде өткен жылы Еуропа чемпионатынан жүлделі оралған шымкенттік Жамал Бекұлан Владислав Захаровқа қарсы ойнады. 3 сетке жалғасқан кездесуде Жамал Бекұлан 3:0 есебімен жеңіске жетті. Жамал Бекұлан финалда қарағандылық Эрик Райтерден мықтылығын байқатып, турнир жеңімпазы атанды.

Ал, қыздар арасында облыстың теннисшісі Сарбиназ Мирқадиева жартылай финалда ресейлік қарсыласынан басым түсті. Алайда, отандасымыз өзбекстандық үстел теннисшісіне жеңіліп, жарысты екінші орынмен аяқтады.

Жарыстың қортындысы бойынша ұлдар арасында Ресей 3 - орынды иеленді. Оңтүстік Қазақстан облысының командасы екінші орында. Ал, Украина теннисшілері бірінші орынмен жеңімпаз атанды.

Қыздар арасында 3 - орында Ресей. Облысымыз спортшылары екінші орыннан көрінді. Қарағанды қаласының қыздары жеңімпаз атанды.