Қазақстан хоккей федерациясы ұйымдастырған сайыста шымкенттік жасөспірімдер үздік нәтиже көрсетті.
Шымкенттің «Торнадо» командасы II турда жеңіске жетті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
2021 жылдың 19-23 мамыр аралығында Петропавл қаласында шайбалы хоккейден 2008 жылғы жасөспірімдер арасындағы ҚР чемпионатының II туры өткен болатын.
Аталған сында Шымкент қаласының №8 қысқы спорт мектебінің шайбалы хоккей бөлімінің «Торнадо» командасы жеңімпаз атанды. Қазақстан хоккей федерациясы ұйымдастырған сайыста шымкенттік жасөспірімдер үздік нәтиже көрсетті.
Жарысқа «Торнадо» (Шымкент), «Бейбарыс» (Атырау), «Құлагер» (Петропавл), «Стрижи» (Алматы), «Олимп» (Ақтөбе) және «Молния» (Ақсу қаласы) командалары қатысқанын айта кеткен жөн.