"Сулифа" жасауды жөн көрген: Маңғыстаулық егіз қыздар финалда бір-бірімен күресуден бас тартты

0
1 183

Ая мен Сая Кенжеғали 24 келіге дейінгі салмақта бірінші орынға ие болды.


Сурет видеодан алынған

ERNUR.KZ. Қызылорда облысында ақтаулық егіз қыз тхэквондодан өткен турнирде бір-бірімен төбелесуден бас тартып, жеңімпазды басқа жолмен анықтауды ұйғарды, деп жазады Tengrinews.kz.

24 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде бірінші орын үшін финалдық бәсекеге егіз Айя мен Сая Кенжеғалилер шыққан. Бірақ олар төбелескен жоқ. Жеңімпаз "тас, қайшы, қағаз" ойыны арқылы анықталды. Бұл "текетіресте" Айя жеңіске жеткен (ол алтын медаль алды). Ал Сая күміс медаль еншіледі.