ERNUR.KZ. 28 тамызда Ресейде "Балтика-М" мен "Красная Звезда" командалары арасындағы матч кезінде қақпашы Александр Шишмарев қаза болды. Дәрігерлер футболшыны құтқаруға бір сағат талпынғанымен, ол көмектеспеді, деп жазады tengrinews.kz.
Калининград футбол федерациясының басшысы Александр Гвардис қайғылы жағдай туралы айтты. Куәгердің сөзінше, жас футболшы Александр Шишмаревтың өліміне бассүйек ми жарақаты себеп болған жоқ.
"Бәріміз үшін қайғылы жағдай. Шишмарев допқа шыққан сәтте "Балтика" ойыншысымен соқтығысып, нәтижесінде сәтсіз құлады. Алдын ала мәліметтер бойынша тілі тартылып, тұншығып қалған. Бұл бассүйек ми жарақаты емес. Алаңға жедел жәрдем 15-25 минут ішінде келді", - деді ол "Спорт-Экспресске".
Гвардис қаза тапқан футболшының туыстарына көңіл айтты.