"Тобыл" шабуылшысы Өзбекстан құрамасына шақыртылды

0
732

Азия футбол конфедерациясының күнтізбесіне сәйкес, Өзбекстан құрамасы 15 қараша күні Грузияға қарсы жолдастық матч өткізеді.


ERNUR.KZ. "Тобылдың" шабуылшысы Игорь Сергеев Өзбекстан ұлттық құрамасына шақырту алды, деп жазады vesti.kz.

Азия футбол конфедерациясының күнтізбесіне сәйкес, Өзбекстан құрамасы 15 қараша күні Грузияға қарсы жолдастық матч өткізеді.

Сергеев бұл маусымды "Ақтөбеде" бастаған болатын. Бірақ кейіннен "Тобылға" ауысты. Шабуылшы осы маусымда бас-аяғы 37 матчқа қатысып, 17 гол соқты.

Игорь Өзбекстан құрамасындағы дебютін 2013 жылы жасаған. Содан бері 58 матчқа қатысып, 17 мәрте мергендігімен көзге түскен.