Сәуір айының басында Қырғыз Республикасының астанасы Бішкек қаласында өткен төртінші Азия чемпионатында джиу-джитсудан жеңімпаз атанған Төлеген Атақұловты мақтааралдықтар қошеметпен күтіп алды.
Мақтааралдық Төлеген Атақұлов Қырғызстанның астанасы Бішкек қаласында өткен кіл мықтылардың арасында өткен джиу-джитсудан Азия чемпионы атанды, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.
Үстіміздегі жылдың 6-8-сәуірі аралығында Қырғыз Республикасының астанасы Бішкек қаласында өткен төртінші Азия чемпионатында жеңіске жетіп, ел мерейін үстем еткен Төлеген Атақұловты мақтааралдықтар қошеметпен күтіп алды. Джиу-джитсудан Азияның кіл мықтылары бақ сынасқан чемпионатта атой салған Атақұлов қарсылас шақ келтірмеді.
Мақтаарал аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ мен аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен өткен жас спортшылармен кездесуде чемпион алғаш спортқа келген сәттеріндегі кездескен қиындықтар, қол жеткізген жетістіктері мен жеңіс тұғырына көтерілген сәттеріндегі ерекше сезімдері жайында әңгімелеп берді. Киелі Мақтаарал топырағында дүниеге келгенін мақтан ететіндігін жеткізді.
Кездесу барысында жас спортшылардың сұрақтарына жауап берген чемпион жастарды жат қылықтардан арылып, салауатты өмір салтын ұстануға шақырды.
Кездесу соңында «Alash Prid» клубында өнер көрсетіп, 2018-жылы джиу-джитсудан өткен Әлем чемпионатында күміс медель иеленген, бүгінде Азия чемпионы атанған Төлегеннің астына ат мінгізіліп, иығына шапан жабылды.