Екатерина Орловская бірінші ашық класс сайыстары бойынша 2 рет 1 - орынды иеленді.
2018 жылдың 14 - 15 қыркүйегі аралығында Алматы облысының Талғар ауданындағы "Ақбұлақ" спорт комплексінде конкурден Қазақстан кубогы өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.
Онда Түркістан облыысының шабандоздары да бақ сынады. Екатерина Орловская бірінші ашық класс сайыстары бойынша 2 рет 1 - орынды иеленді. Ал, жас аттар бойынша Шыңғыс Маликаждарға тең келетін қарсылас табылмады. Аяжан Қонақбай Қазақстан кубогын екінші орынмен аяқтап, күміс медаліне ие болды.