Қазіргі таңда әлем чемпионатын қабылдайтын өзге мемлекет қарастырылуда.
ERNUR.KZ. Халықаралық волейбол федерациясы (FIVB) Ресейді 2022 жылғы әлем чемпионатын өткізу құқығынан айырды, деп жазады Olympic.kz.
Волейболдан әлем чемпионаты биылғы жылдың 26 тамызы мен 11 қыркүйегі аралығында Ресейдің он қаласында өтуі тиіс еді.
Алайда, Украинадағы соғысқа байланысты әлемдік федерация Ресейдегі доп додасын өткізбейтін болды.
Қазіргі таңда әлем чемпионатын қабылдайтын өзге мемлекет қарастырылуда.