«В» тобындағы матчтар сәрсенбі күні — 5 маусымда жалғасады: сағат 11: 20-да Қазақстан Доминикан Республикасымен ойнайды, ал сағат 14: 00-де Қазақстан құрамасы Украина құрамасымен топтық кезеңдегі соңғы матчын өткізеді.
ERNUR.KZ. Баскетболдан Қазақстан жасөспірімдер құрамасы 18 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы әлем чемпионатындағы алғашқы ойындарын өткізді, – деп хабарлайды Qsport.kz.
Моңғолияда U-18 жасөспірімдер командалары арасындағы баскетболдан 3×3 әлем чемпионатының ұтыс ойыны жалғасуда. Қазақстан жастар құрамасы турнирдің топтық кезеңінде алғашқы екі матчты өткізді. Бірінші ойында команданың қарсыластары Түркіменстан өкілдері болды. Біздің жігіттер оларды 18:20 есебімен жеңді. Қазақстандық команданың екінші қарсыласы — тек топтағы көшбасшы ғана емес, сондай-ақ, бүкіл турнирдің басты фавориті саналатын Ресей құрамасы болды. Матч соңында отандастарымыз 5: 22 есебімен жеңіліс тапты. Топтық кезеңнің бірінші ойын күнінің аясында «В» тобындағы барлық командалар екі матч өткізді, оның нәтижесі мынадай: Екі мәрте жеңіске жеткен ресейлік құрама топтың көшбасшысы атанды, үш бірдей команда бір ғана жеңіспен жарыс күнін аяқтады, олар — Қазақстан, Украина және Түрікменстан; ал Доминикан Республикасы екі матчта да сәтсізідкке ұшырады. Қазақстан ширек финалға жету үшін Доминикан Республикасына және Украинаға қарсы екі матчта жеңіске жету керек.
«В» тобындағы матчтар сәрсенбі күні — 5 маусымда жалғасады: сағат 11: 20-да Қазақстан Доминикан Республикасымен ойнайды, ал сағат 14: 00-де Қазақстан құрамасы Украина құрамасымен топтық кезеңдегі соңғы матчын өткізеді.