Студенттерге қытай тілін үйреніп алу — болашақтағы үлкен мүмкіндіктерге жол ашу.
Қазір шет тілін үйрену — заман талабы. Әсіресе, қытай тіліне деген қызығушылық күннен-күнге артып келеді. Неге десеңіз, Қытай әлемнің алдыңғы қатарлы елдерінің бірі, экономикалық және технологиялық даму жағынан алда келеді. Сол үшін студенттерге қытай тілін үйреніп алу — болашақтағы үлкен мүмкіндіктерге жол ашу. Бұл мақалада қытай тілін үйренудің маңыздылығы, қайда және қалай оқуға болатыны, тіпті өз бетіңмен үйренуге қатысты пайдалы ақпараттар береміз.
Қытай тілін үйрену не үшін маңызды?
Қытай тілі — әлемдегі ең көп қолданылатын тілдердің бірі. Қазір қытай тілін білу тек аудармашы болу үшін ғана емес, бизнес, ғылым, туризм және мәдениет саласында да үлкен артықшылық береді.
- Халықаралық байланыс үшін: Қытаймен сауда-саттық және мәдениет саласында әріптестік орнату мүмкіндігі үлкен. Қытай тілін білетін мамандарға сұраныс жоғары.
- Білім және ғылымның алда болуы: Қытайдың беделді университеттері шетелдік студенттерге түрлі гранттар береді. Мұнда білім алу тек тіл емес, үлкен мәдени тәжірибе жинауға мүмкіндік береді.
- Жұмыс пен мансап: Қытай тілін меңгерген түлектер халықаралық компанияларда, мемлекеттік дипломатиялық қызметте жақсы қызметтер атқара алады.
Қытай тілін қайдан үйренуге болады?
- Университетте: Қазір еліміздегі көптеген оқу орындары қытай тілін оқыту бағдарламаларын ұсынып жатыр. Атап айтсақ, "аударма ісі" факультеттері бар барлық ЖОО ағылшын, қытай немесе француз тілдерінің бірін таңдап оқи аласыз.
- Тіл орталықтары: Әрине, мамандандырылған ақылы тіл курстары арқылы үйрене аласыз.
- Онлайн платформалар: "Coursera", "Duolingo", "italki" сияқты платформалар арқылы үйде отырып үйренуге де мүмкіндік бар.
- Қытайдың мәдени бағдарламалары: Конфуций институттары сияқты мәдениетке бағытталған бағдарламалар да қолжетімді. Яғни Қытай мемлекеті өз тарапынан тегін әр қалады "Конфуций" орталықтарын ашып, қытай тілін .йренемін деушілерге сабақтар өтуде. Өз қалаңызда бар не жоғын қалалық әдістемелік орталыққа хабарласып білсеңіз болады.
Өз бетіңше үйренуге бола ма?
Иә, қытай тілін өз бетіңізше де үйренуге болады. Бұл үшін шыдамдылық пен дұрыс ресурстар табу маңызды:
- Платформалар: "Duolingo", "HelloChinese" сияқты тегін платформалар күнделікті жаттығуға жақсы.
- YouTube арналар: "Chinese Zero to Hero", "Yoyo Chinese" сияқты арналардан пайдалы сабақтар қарай аласыз.
- Кітаптар: Алғашқы деңгейге "Integrated Chinese" және "New Practical Chinese Reader" кітаптарын ұсынамыз.
- Тіл серіктестері: "Tandem", "HelloTalk" сияқты платформалар арқылы қытай тілі ана тілі болып табылатын адамдармен сөйлесуге болады. Әрине, қытай тілін базалық деңгейде үйреніп болған соң ғана.
Сонымен қатар, кытай иероглифтерін үйрену ми жұмысын жақсартатынын естіген бе едіңіз?
Иә, жаңа тіл білу - жаңа әлемді танығанмен бірдей. Ал әсіресе қытай тілі ең қиын тілдер қатарында болғанмен, оны үйрену қызықты әрі танымды. Мысалы қытай тілінде 50 000нан астам иероглиф бар екен, күнделікті сөйлеу үшін 2500 мыңын білсеңіз жеткілікті. "Сонда да 2500 иероглифті қалай жаттаймын!?" деп қорқатын шығарсыз, иероглифтерді жаттауда көп шыдамдылық қажет болғанмен, әрбір иероглиф жеке сурет ретінде қабылданады, сондықтан ми қызметін белсенді жұмысқа шақырады. Иероглифтерді жазу психологиядағы "нейрографика" тәсіліне де жақын келетіндіктен, бір жағы миыңыз тынышталып, бойыңыздағы стресс деңгейі де төмендейді екен.
Қытай тілін үйрену тек студенттерге ғана емес, болашағына бей-жай қарамайтын кез келген адамға керек. Оқу орнындағы курстардан бастап YouTube пен сайттарға дейінгі мүмкіндіктер толып жатыр. Ең бастысы — табандылық пен күнделікті тәжірибе.