Қарынның 4 түрі бар.
фото: ontrackretreats.co.uk
Бүгінде әлем бойынша семіздік мәселесімен күресіп жүрген жандардың қатары көп. Семіздіктің де алуан түрі бар, соның ішінде қарынның үлкендігі адамның пішінін бұзып, сырт көзге қолапайсыз етіп көрсетеді. Сымбатыңызға сын келтіріп тұратын қарын сізде де бар ма?
Ендеше одан қалай арылуға болатынын біліп, сол бойынша іске кірісіңіз.
Қарынның 4 түрі бар
Оны кетірудің де 4 түрлі әдісі бар.
Қарындағы майды кетіремін деп әрекет жасап көрдіңіз бе? Мұныңыздан нәтиже шықпаған болса, демек іштегі майды кетіру үшін алдымен оның қай түрге жататынын біліп алуыңыз керек.
Қарын тек семіз адамдарда ғана емес, денесінде артық майы жоқ адамдарда да болады. Денесінің басқа бөлігі жіп-жіңішке, қырым еті жоқ болса да, қарын тұсы алдына қарай шығып тұратын жандарды кездестірген боларсыз?
Көптеген адамдарда майдың дененің осы бір жеріне жиналатыны белгілі. Бірақ, әркімнің қарны әртүрлі. Соған байланысты қарынның пайда болуына бірнеше жағдайдар себеп болуы мүмкін.
1.«Алжапқыш қарын»
Атауы айтып тұрғандай, бұл қарын созылған әрі салбыраған алжапқыш секілді алдыңызға түсіңкіреп тұрады. Қарынның бұлайша өзгеруі адамның жасына байланысты. Жасы келген сайын адамның қарны төмен қарай салбырап, артық майлар сол жерге жинала бастайды. Мұндай қарыны бар адамдар қимыл-қозғалысы аз, бір орында отырып жұмыс істейтін адамдарда жиі кездеседі. Сонымен қатар, физикалық белсенділігінің төмендігіне қарамастан, ұннан жасалған тағамдар мен тәттілерді, қуырылған тағамдарды көп тұтынатындықтан, нәтижесі осындай болады.
фото: www.youtube.com
Қалай кетіреміз?
Ол үшін қанттан, кондитерлік өнімдерден, нан мен фаст-фут өнімдерінен, картоп, тұздықтар мен газды сусындардан бас тартуыңызға тура келеді. оның орнына көкөністер мен жеміс-жидек, балық, дәнді дақылдар мен жаңғақ және балғын көкөніс шырындарын ішкен абзал. Спирттік өнімдерден бас тартыңыз. Егер алкоголыді шамадан тыс ішетін болсаңыз, қарынның үлкеюіне себепкер боласыз. Мұндай қарынды күн сайын жасалатын физикалық жаттығулар арқылы кетіруге болады. Отырып-тұру, аяқты көтеру, пресс жаттығуларын үнемі жасауды қолға алыңыз.
2.Шығыңқы қарын
Бұл көкірек астынан бірден басталатын, алға қарай шығыңқы болып келетін қарын. Мұндай қарындар жұмсақ емес, керісінше қатты болып келеді. Шығыңқы қарны барлар көбінесе стресске бейім келеді. Сонымен қатар, үнемі ұйқысы қанбай жүреді. Фаст-фуд өнімдері мен газды сусындарды тұтынуды ұнатады.
Қалай кетіреміз?
Ұйқының орнын ретке келтіріңіз. Мүмкіндігінше ұйқыға күн сайын бір уақытта жатып, бір уақытты тұруға дағдыланыңыз. Ал стресстен арылу үшін өзіңізге ұнайтын іспен шұғылданып, денені босаңсытып, тыныштандыратын ванна қабылдаңыз. Күнделікті ас мәзіріне құрамында магний элементі бар тағамдарды көп қосыңыз. Мысалы, жаңғақтар мен дәнді дақылдар, аскөк. Физикалық күштемені ұлғайтыңыз. Дене жаттығулары немесе күнделікті жаяу жүру сіздің денеңізге оңтайлы әсерін тигізеді.
3.Босанғаннан кейін қалып қойған қарын
Әлбетте әйелдерге тән. Жас босанған немесе босанғанна кейін біршама уақыт өтсе де өзін қалыпқа келтіре алмай жүрген әйелдерде болады. Бұл қалыпты жағдай. Себебі, босанғаннан кейін қарынның қалыпқа келуіне алты аптадай уақыт қажет. Бұл аралықта диета немесе физикалық күш түсіретін жаттығуларды жасамағаныңыз жөн.
Қалай кетіреміз?
Қарынның қалыпқа түсуі үшін ас мәзіріне балық пен теңіз өнімдерін, құрамында Омега 3 майлы қышқылы бар балық майын қосқаныңыз дұрыс. Сондай-ақ, жаңғақтар, авокадо, зәйтүн майы, дәнді дақылдар өте пайдалы.
4.Желденген қарын
Таңертеңгілік уақытта тартылып тұрғанымен, күндізгі уақытта ішектерге жиналған газдың әсерінен желденіп, кешке ісініп кетуі мүмкін. Дәл мұндай қарындар артық салмағы бар адамдарда ғана емес, арық адамдарда да жиі кездеседі. Іштің желденуі көбінесе заталмасу бұзылған жағдайда және ас қорыту нашарлағанда, аллергиялық жағдайларда жиі кездеседі.
Қалай кетіреміз?
Өзіңізге қай азық-түліктің жақпайтынын анықтап алғаныңыз жөн. Дәл осы тағамнан бас тартыңыз. Негізі алкоголь, ашытқы аллергия тудыруы немесе ас қорыту жұмысының бұзылуына себеп болуы мүмкін. сондықтан, ас мәзіріне жасұныққа бай өнімдерді және суды көп тұтынуға тырысыңыз.
Дайындаған: Г.Жұмаділдаева,
Тағы да оқыңыз: