Күріш ұнынан МАСКА бетіңізді жылтыр етеді

0
4 612

Бұл масканы бетіңізге ғана емес, мойныңызға да жағуды ұмытпаңыз!


Күріш ұнынан МАСКА бетіңізді жылтыр етеді

Күнделікті азық-түлігімізге қолданатын күрішті кофеұнтақтағыштан өткізіп немесе дайын күріш ұнын сатып алыңыз. 2 ас қасық күрші ұнына 3 ас қасық сүтті құйып, араластырыңыз. Егер балға аллергияңыз болмаса, осы қоспаның үстінен 1 шай қасық бал қосыңыз.

Дайын болған қоспаны тазартылған бет терісіне жағым, 15-20 минутқа қалдырыңыз.

Кепкен соң, жылы сумен жуып тастайсыз. Бұл масканы мойныңызға да жағуды ұмытпаңыз. Бұл масканы кешкісін қолданғаныңыз дұрыс.

Негізі қандай маска болмасын, кекісін жасағаныңыз жөн. Өйткені, бет терісі ұйқыға жатқан соң демалады. Нәтиже де тезірек көрінеді. Күріш маскасы беттің қара дағын кетіреді, әжімнің алдын алады, әжім бар болса, тегістейді, бетіңізге әр береді.

Егер үйіңізде кофеұнтақтағыш болмаса, күрішті қайнатуға да болады. Күріштің үстіне салқын су құйып, жиырма минут пісіріңіз. Піскен күрішті суытып, қолмен мыжып, сүтке жұмыртқаның сарысын араластырып, дайын болған қоспаны бетіңізге жағасыз.

20-30 минутқа бетіңізге жағып қоясыз. Уақыты келгенде жылы сумен жуып, соңынан салқын сумен шайыңыз. Бетіңіз кепкен соң, крем жағып қойыңыз.


ӘЖІМ түскен бетке

Тек қана жұмыртқаның сарысын жағып, кепкенше жүру керек. Бетіңіздегі жұмыртқаның сарысы кепкен соң, жылы сумен жуып, соңынан жұқалап крем жағып қойыңыз. Бұл масканы аптасына 1 рет жасасаңыз жеткілікті.


Қара дақтарға қарсы

Кішірек көлемдегі 1 стакан айранға (дүкендікі болса да жарайды) 1 ас қасық сұлы жармасын немесе ұнын қосып араласрыңыз. Осы масканы да бетіңізге жағып, 20-30 минут ұстап, соңынан жуып тастайсыз.

Қалғанын тоңазытқышта сақтауға болады.

50 грамм айранға 1 шай қасық лимон сөлін қосып араластырып, жақсаңыз да болады. 20 минуттан соң жуып тастайсыз.


ҚҰРҒАҚ бетке

Глицерин мен балды 1/1 қатынасында қосып, араластырып бетіңізге жағатын болсаңыз, құрғақ бет терісі үшін өте пайдалы. 30 минуттан соң жылы жумен жуып, соңынан міндетті түрде салқын сумен шайыңыз. Одан соң, түнгі кремді жағып қоюыңызға болады.


Үй жағдайында бет терісін терең тазалау

Ол үшін қажетті заттар:

* 1 дана жұмыртқаның ағы;
* 1 шай қасық шекер.

Жұмыртқаның ағы мен қантты миксермен көпіршік шыққанша араластырамыз.

Содан кейін таза бетке жағамыз.Сәл кепкеннен кейін тағы қайталап жағамыз.10-15 минутқа қалдырып, кепкен соң жылы сумен шаямыз.

Бұл маскадан кейін бетіңіз терең тазаланып, жылтыр болады. Аптасына бір реттен бір ай жасау керек.

Дайындаған: Г.Жұмаділдаева,

ERNUR.KZ


Тағы да оқыңыз:


ҚОЛдың терісін жасартуға болады


ҚЫСҚА БОЙЛЫ қыздарға кеңес