ҚЫМБАТ кремнің орнына КҮРІШТІ қолдануға болады

0
7 454


ҚЫМБАТ кремнің орнына КҮРІШТІ қолдануға болады

Күріш — кез келген асханадан табылатын дақыл. Дәл осы дақылдың қолданылу аясын асханадан да әрі кеңейтуге қалай қарайсыз? Мәселен, сіз ас әзірлеу барысында күрішті жудыңыз делік. Немесе, суға қайнатып алдыңыз. Кейін ол суды қайтесіз, төгесіз бе? Қытай не жапон әйелі болса, төкпес еді. Өйткені, олар күріш суының сан түрлі пайдасын біледі.


Бет терісінің барлық түріне арналған ең үздік лосьон

Күріш суы теріні жас әрі тегіс етеді. Қытай мен Жапония елінде әйелдер сан ғасырлардан бері күріш суымен жуынып келе жатқанының бір себебі — осы. Күріш суынан жасалған лосьон кез келген тері түріне қолдануға жарайды. Тіпті, ең нәзік деген теріні де тітіркендірмейтініне сенімді болыңыз. Біраз уақыт қолданған соң теріңіздің бұрынғыдан әлдеқайда балғын, тегіс болғанын әрі жасара түскенін байқайсыз.Бұл айтылғандарға көз жеткізгіңіз келсе, күріш суы лосьонын әзірлеп көріңіз.

Қажетті заттар:

  • қақпағы тығыз жабылатын ыдыс;
  • 1 стақан шикі күріш (өңделмеген болса, тіпті жақсы);
  • сүзгіден өткен су;

Дайындалуы:

  • күрішті жуыңыз;
  • жуған суды төгіп тастаңыз;
  • үстінен сүзігден өткен таза суды құйыңыз;
  • күріш құрамындағы құнарлы заттар суға шығуы үшін 1 сағатқа қойып қойыңыз;
  • күріштің суын сүзіп, қақпағы тығыз жабылатын ыдысқа құйып, тоңазытқышқа салыңыз.

Дәл осындай әдіспен әзірленген лосьонды тоңазытқышта сақтай отырып, онымен 4-5 күн бойы теріні сүртуге болады.

Егер, күріш суынан жасалған лосьонның қасиетін арттырғыңыз келсе, 1 сағат тұрғаннан кейінгі құйып алған суды тағы 2-3 күн сөреге қойып, бөлме температурасында 2-3 күн ұстаңыз. Ол ашып, фременттелу процесі жүреді. Ашыған, аздап қышқылданған қоспаны отқа қойып, бір қайнатып алу керек. Содан соң қайта суытып, 3-4 тамшы кез келген эфир майынан тамызыңыз да, тоңазытқышқа жөнелтіңіз. Бұл түрі де тоңазытқышта 5 күн сақтауға жарамды.

Қалай пайдалануға болады?

Егер, қоспаны көбірек мөлшерде әзірлесе, онымен бетті 4-5 рет шаюға болады. Азырақ болса, мақтаны батырып, бет терісін сүртіңіз де, артынан салқын сумен шайыңыз. Егер, теріңіз майлы болса, сол қалпында, ал, сезімтал болса, 1:1 қатынасында сумен араластырып пайдаланыңыз.

Үзбей қолдансаңыз, бірнеше аптадан соң бет терісінің тартылып, түсінің біркелкіленгенін, ұсақ әжімдердің азайғанын байқайсыз.


Ең нәзік скраб


1 сағат тұрған күріш суын сүзіп құйып алған тұсқа қайта оралайық. Сондағы сүзгіден өтпей қалған жібіген күрішті қайтесіз? Жапон әйелдері оны да тастамай, қажетке жаратады. Яғни, одан нәзік, емдік скраб әзірлейді. Егер, оны сіз де жасағыңыз келсе, жібіген күрішке 1 шай қасық зәйтүн немесе зығыр майы мен 5-6 тамшы лимон сөлін қосыңыз. Жақсылап араластырып, онымен аптасына 1-2 рет бет терісін тазалауға болады. Осылайша бірнеше рет қайталаған соң бетіңіздің терісіне өзгелер тарапынан айтылатын мақтау сөздерге әзірлене берсеңіз болады.


Ең тиімді маскалар

Күріш дақылынан лосьон мен скраб қана емес, маска жасауға да болады. Бірақ, бұл жолы бізге күріштің суы емес, күріш ұны қажет болады.

Ағарту және жасарту әсері бар маска

Қажет заттар:

  • 2 ас қасық күріш ұны;
  • 1 ас қасық бал;
  • 1 ас қасық лимон шырыны.

Барлығын араластырып, теріге жағып, 10 минуттан соң жылы сумен шаю қажет.

Қартаюға қарсы маска

Қажет заттар:

  • 2 ас қасық күріш ұны;
  • 1 жұмыртқаның ақуызы;
  • 1 ас қасық глицерин.

Барлығын араластырып, бетке жағып, кепкенше ұсталуға тиіс. Содан соң салқын сумен жуып тастау қажет.

Безеуге қарсы маска

Қажет заттар:

  • 2 ас қасық күріш ұны;
  • 1 ас қасық бал;
  • 2 ас қасық алоэ сөлі.

Барлығын араластырып, бет терісіне жағып, 10 минут ұстайды. Соңынан жылы сумен жуу керек.


Күріш суы тұнбасы сізге не береді?

тері саңылауларын тарылтады;

•акнеден арылтады;

•тері жұмсарып, жарқырайды;

•тыртықты кетіреді;

•теріні ағартады;

•терінің беткі қабатын жаңартады;

•тері қанайналымын жақсартады;

•ұсақ әжімдерді тегістейді;

•Қартаю процесін баяулатады.


Қою шаштың құпиясы


Шығыс әйелдеріне күріштің шашқа келтірер пайдасы да мәлім. Ұзындығы 1,8 метр болатын қалың шашының арқасында Гиннестің рекордтар кітабына тіркелген қытай әйелінің құпиясы — дәл осы күріш суында жатыр екен.

Қатты ашытылып әзірленген күріш суымен шашты жуып, 5 минуттай массаж жасаңыз. Соңынан әдеттегідей шашты жуу керек. Осындай процедурадан соң шашыңыз жұмсақ, иілімді болып, қалыңдай түседі. Сондықтан, келесі күріш гарнирін әзірлегенде, суын төгіп тастамай, бөлек ыдысқа құйып алыңыз. 1 тәулік тұрып, ашығаннан соң пайдалануға дайын болады.

Алыстағы сұлулық салондарына барып сәнін түзегендерге қызыға қарап отыра бермеңіз. Әрбір әйел өз асханасында жүріп, сондағы қолжетімді заттарды пайдаланып-ақ әдемі бола алады. Ендеше, сізге не кедергі?

Дайындаған: А.Мейірхан,

ERNUR.KZ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ:

Киімге тұрып қалған үтік ізін ТҰЗ бен ПИЯЗ кетіреді