МАЙЛАНУ, УЫСТАП ТҮСУ, ҚАЙЫЗҒАҚТАНУ: не істеуге болады?

0
460

Шаш – адам өміріндегі маңызды органдар қатарына жатпаса да, ол да тірі организм. Шашқа да дәрумендер мен минералдар керек, күтім қажет.


МАЙЛАНУ, УЫСТАП ТҮСУ, ҚАЙЫЗҒАҚТАНУ: не істеуге болады?

фото: YouTube

Шаштың түсуі, майлануы мен қайызғақтануы, ағаруы секілді мәселелерді біз көбінесе экологиялық себептермен байланыстырамыз.

Сонымен қатар, ағзада дәрумендер тобының жетіспеуінен де осындай проблемалар туындап жатады.

Ендеше, ағзаға қай дәруменнің жетіспейтіндігін анықтап, қандай жағдай шаштың түсуіне немесе ағаруына алып келетінін айқындап алу керек. «Шаштың ағаруы-ақылдың көптігі, шаштың түсуі еңбекқор адамға тән» деген секілді жалған түсініктен арылып, оны емдеуге немесе алдын алуға тырысқаныңыз жөн.


ШАШтың ТҮСУІ

Шаш түсуінің себеп-салдары неде, оған қандай факторлар әсер етуі мүмкін? Шаштың түсуімен қалай күрескен абзал?

Стресстік жағдайларда немесе артық жүктеме, яғни, көп жұмыс істейтін, ағзаға тынығуға мұрша бермейтін тым белсенді қозғалыстағы адамдардың шаш түсу мәселесімен тап келуі мүмкін.

Мамандардың айтуынша, стресс кезінде картизол деген гармон бөлінеді. Картизол бөлінген кезде барлық тамырлар жиырылады. Адам күйзеліске түсіп, денесі жиырылған сәтте жүгіру керек, сол кезде картизол ыдырап кетеді де, ағзаға еш зиян келтірмейді. Жиырылудың салдарынан шаштың түбіне баратын қан тамырлар қысылады, сол кезде қан айналымның жұмысы бұзылады. Қан бармағаннан кейін шаш еріксіз түседі. Бұл тек бір фактор. шаштың шамадан тыс түсуінің тағы бір себебі – эндокринді қалқанша безінің жұмысының төмендеуі. Гипотериоз яғни иод жетіспеушілік кезінде шаш көп түседі. Одан кейін қалқанша безінің әсерінен зат алмасу баяулағандықтан, тағы да клеткаларға ауа бармайды, қажетті қорек бармайды, сол кезде шаш түседі.

Тағы бір себеп – В тобындағы дәрумендердің жетіспеушілігі. Олар үлкен топ – В1, В2, В3, В4, В5, В6, В12 деген сияқты. Аталған дәрумендер азайған кезде тағы да шаш түседі. Себебі В тобындағы дәрумендер жетіспеген кезде тағы да қан аздық мәселесі туындайды. Айналып келгенде көп себеп – қан азыдыққа әкеледі. Келесі бір себеп деп – ұйқының дұрыс болмауы. Егер әйел адам түнгі сағат 12-ден кейін ұйықтайтын болса, ол әйелдің шашы міндетті түрде түседі. Ерте жатуды әдетке айналдыру керек.

фото: yahoo.com

ШАШтың ҚАЙЫЗҒАҚтануы

Қайызғақ – бұл құйқаның үстіңгі бөлігіндегі артық қабаттың жылдам түсуі. Мұндай ауру қас пен мұрын тұсында да пайда болуы мүмкін. Ескі өлі тері жасушаларының жойылуы қалыпты жағдай, бірақ қайызғағы бар адамдарда бұл процесс әлдеқайда тез жүреді. Қайызғақтың ақ үлпектері маңдайда, шашта немесе киімде көрініп тұруы мүмкін. Әлбетте бұл ыңғайсыздануға себеп болып жатады, дегенмен қайызғақтың денсаулыққа кері әсері жоқ.


Қайызғақ неден пайда болады? Оның бірнеше себебі бар. Соның ішінде ең көп таралған себептер:

* тітіркенген және майлы тері;

* сусабынмен сирек жуу;

* Malassezia деп аталатын ашытқы тәріздес зеңнің болуы;

* құйқаның құрғақтығы;

* жанаспа дерматит (терінің қышуы немесе бөртпе).

фото: aikyn.kz

Шай ағашының майы. Бұл өнім безеу мен псориаз сияқты ауруларды емдеу үшін қолданылады. Оның қайызғақты азайтатын микробқа және қабынуға қарсы қасиеті бар.


Кокос майы. Кокос майы қайызғаққа қарсы табиғи өнім ретінде қолданылады. Ол теріні ылғалдандырады және қайызғақты көбейтуге ықпал ететін құрғақтықты болдырмайды. Кокос майы экземаны емдеуге көмектеседі.


Алоэ вера. Күйік, псориаз және герпес сияқты тері ауруларын емдеуге көмектеседі. Алоэ өсімдігінің бактерияға және зеңге қарсы қасиеттері теріні қайызғақтан қорғайды.


Алма сірке суы. Оны қайызғаққа қарсы табиғи өнім ретінде жиі қолданады. Сірке суының қышқылдығы терідегі өлі жасушалардың қабыршақтануына ықпал етеді. Осылайша алма сірке суы терінің рН деңгейін теңестіреді, зеңді азайтып, қайызғақпен күреседі. Алайда сірке суын белгілі бір мөлшерде ғана қолдануға болатынын есте ұстаған жөн.


Аспирин. Салицил қышқылы аспирин құрамындағы қабынуға қарсы қасиеті бар негізгі қосылыстардың бірі болып саналады. Бұл қышқыл қайызғақты кетіруге арналған көптеген сусабында кездеседі.


Омега-3. Май қышқылдары терінің саулығы үшін өте маңызды. Олар тері майының өндірілуіне және ылғалдануына, жаралардың жазылуына көмектеседі, ерте қартаюға жол бермейді.


Пробиотиктер. Пробиотиктер - бұл иммундық қызметті жақсартатын және теріде қайызғақ тудыратын зең инфекцияларымен күресуге көмектесетін пайдалы бактериялар.


Ас содасы. Ас содасы – қайызғақты кетіруде тез, ыңғайлы әрі қолжетімді өнім. Өлі тері жасушаларын тазартып, қабыршақтану мен қышуды азайтуға әсер етеді. Оның зеңді кетіретін қасиеті бар.


Лимон шырыны. Өлі жасушалардың қабыршақтануына ықпал етеді және бактерияларды жояды.


Зәйтүн майы. Бас терісін жұмсартады және ылғалдандырады, қабыршақтану қарқындылығын төмендетеді.


Кейбір зерттеу нәтижелеріне қарағанда, шаштың ағаруына ағзада В тобы, әсіресе В12 витаминінің жетіспеушілігі себеп көрінеді. Мамандар осы қажеттілікті толтыратын немесе осындай витаминдері бар құрамдастырылған қоспаларды қабылдап тұруға кеңес береді.

Дайындаған: Г.Жұмаділдаева,

ERNUR.KZ


Тағы да оқыңыз:

«ЕРКЕКШЕ» сұлулық: ерлерге арналған бет кремін таңдауда мән беріңіз


Кез келген жаста СҰЛУЛЫҚ пен ДЕНСАУЛЫҚты сақтаудың құпиясы бар