Қазір кез келген сапалы заттың көшірмесі бар.
Рас, кей саудагерлер өзінің ұсынған тауарының көшірме екенін жасырмайды. Бағасын да соған сай етіп қояды. Бұл жағдайда сіз қандай қадамға барып жатқаныңызды білесіз. Таңдау еркі өзіңізде – қаласаңыз, көшірмені алып, ақшаңызға үнем жасайсыз, қаламасаңыз, түпнұсқаны іздеп әрі қарай кетесіз. Алайда, үнемі олай бола берметіні бар. Сіз сауда орнына барып атақты брендтің бір бұйымын сатып алдым деп мәз боласыз. Бірақ, біраз уақыт өткен соң қымбатқа алған бұйымның сапасы сын көтермейтіні, қызметі ұзаққа бармайтыны белгілі болады. Көшірменің аты көшірме. Мұндайда сан соқпасқа шара жоқ.
Осындай жағдайға ұрынбау үшін әр брендтің түпнұсқа бұйымдарында қандай құпия белгі болатынын, неге мән беру керектігін білген жөн. Жақсы жаттыққандар көзбен-ақ тап басып тани алады. Ал сіз ше? Көшірме жасаушылардың сапасыз бұйымына қаншалықты жиі ұрынасыз? Қырағылығыңызды тексеріп көруге қалай қарайсыз?
Ол үшін төмендегі суреттерге қарап қай бұйымның түпнұсқа, қайсысының көшірме екенін анықтауға тырысыңыз. Дұрыс жауапты қағазға түртіп отыруды ұмытпаңыз.
1. Louis Vuitton қол сөмкесі
А)
Б)
2. Burberry мойынорағышы
А)
Б)
3. Cartier қолсағаты
А) Б)
4. Chanel Allure Sensuelle иіссуы
А)
Б)
5. Lacoste поло-жеңсіз жейдесі
А)
Б)
6. Nike Air Max 270 кроссовкасы
А)
Б)
7. Fendi белбеуі
А)
Б)
8. Prada көзілдірігі
А)
Б)
9. Dolce & Gabbana клатчы
А)
Б)
10. Gucci слипері
А)
Б)
Ал енді дұрыс жауаптарға ден қойыңыз:
1 – А. Ақ сөмке ұстағышындағы жазулардың бояуы қанықтығына мән беріңіз. Түпнұсқаны айырудың тағы бір құпиясы – жазуды алақанмен сипип көру. Түпнұсқада ол тегіс емес, аздап томпақтау болып қолға білініп тұрады.
2 – Б. Б белгісіндегі мойынорағыштың жиектері теп-тегіс әрі құрылымының (текстура) тығыздығы байқалады. Бұл тұпнұсқаның белгісі.
3 – Б. Екінші сағаттың тілдері көкшіл түсте және тіл ұшы доғасының жақұт түстес екенін аңғаруға болады.
4 – Б. Түпнұсқа парфюмдердің түтікшесі қашанда құты бойымен бірдей болады. Ол құты бойынан ұзын болып, иіліп тұрса немесе тіптен жетпей қалып жатса, бұл көшірменің және төмен сапаның нышаны.
5 – Б. Аталған брендтің өндірушілері поло-жейдеге екі саңылаулы түйме ғана қолданады, осыны есіңізде сақтап алыңыз.
6 – Б. Кроссовканың өкше бөлігінің түсі біркелкі болуға тиіс. Оның ішінен қарауытқан немесе басқалай түсте бөлшектер көзге түссе, ол көшірме деген сөз.
7 – А. Түпнұсқа белдіктің тоғасының түбінде бастырма, қосымша ілмек міндетті түрде болады.
8 – А. Көзілдіріктің имек тұтқасының бірнеше жеріне «Prada» затбелгісі таңбаланады.
9 -А. Түпнұсқа бұйымның кез келген ұсақ-түйегіне дейін айрықша мән берілетініндей, мұнда да клатчтың сәндік элементтері өте ұқыпты жасалғаны көрініп тұр. Оған қоса, «D& G» бренд белгісі таңбаланған.
10 – Б. Екінші суреттен аяқкиім ұлтарағының түсі ондағы түк түсімен сәйкес екені және оның желіммен жапсырылмай, тігілгені көрініп тұр. Түпнұсқада дәл осылай болуға тиіс.
Әрі қарайғсы сіз үшін оңай. Дұрыс жауап санына қарай өзіңізге баға беру де... Киім не бұйым таңдағанда түпнұсқаны көшірмеден ажырату да...
Аударған: А.Мейірханқызы,