Саныңыз ҚАЖАЛА ма? Онда сөмкеңізге ОСЫ затты салып жүріңіз

0
3 820

Терінің қажалуын болдырмайтын ең оңай әрі қолжетімді әдістер


Саныңыз ҚАЖАЛА ма? Онда сөмкеңізге ОСЫ затты салып жүріңіз

Әйелдердің өмірінде болатын жазғы жайсыздықтардың бірі – екі аяқтың (сан) ішкі жақ терісінің қажалуы. Бұл етжеңділерде ғана емес, кейде арық адамдардың өзінде кездесіп жатады. Әсіресе, көбіне көйлек киетіндерде. Жүргенде ыңғайсыздық туғызса, кейін тіптен тері қызарып, ашуы әбден мүмкін. Мәселе сізге де таныс болса, қалай алдын алуға болатынын біле жүріңіз.


Егер теріде қажалу жаңадан пайда болып, қызара бастаса, бірден төмендегі әдістердің біріне жүгініңіз:

  • Теріге дезодорант-антиперспирант себіңіз. Олардың құрамында әдетте медициналық минерал ұлпасы (тальк) болады. Соның көмегімен терінің тайғанақтығын артырып, қажалуды болдырмайды.
  • Үйден шығар алдында теріңізге балаларға арналған сеппе немесе косметикалық тальк сеуіп алыңыз. Егер сеппе табылмаса, кәдімгі асханалық крахмал ұнтағы да жарайды. Ұнтақтың қай түрін қолдансаңыз да, оны 2-3 сағат сайын жаңартып отыруды естен шығармаңыз.
  • Аталғандардың ешқайсысы қолда болмай қалған жағдайда теріге қалыңырақ етіп крем жағып қойыңыз. Рас, бұл әдістің әсері көпке бармайды, әр 20-30 минут сайын жаңартып жағып тұруды талап етеді. Әрі көйлекті бүлдіріп алу мүмкіндігі де барын ұмытпаңыз.
  • Ескі капрон шұлықтың балағын кесіп тастап, шорты секілді киіп алудың да көмегі бар. Ұзын етекті көйлек ішінен кисеңіз, көзге түспей тұрады. Есесіне, теріңіз жайсыздық сезінбейтін болады.
  • Осы мәселенің шешімін табу үшін арнайы ішкиім де ойластырылған. Жұқа да жұмсақ шілтерден сақина түрінде тігілетін бұл бұйым «бандалетка» деп аталады. Киіп алсаңыз, терінің қажауы мәселесімен қош айтысасыз.


Жазғы сауық-сайранға, жайлы жүріске қажалудың кедергі келтіруіне жол бермеңіз.

Дайындаған: А.Мейірхан,

ERNUR.KZ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ:


Күннен ҚОРҒАЙТЫН құрал қолдануда жіберетін 10 ҚАТЕЛІК