​Сіз білесіз бе: Қандай киімді ЖУУҒА БОЛМАЙДЫ?

0
4 459

Жуу ғана емес, кей киімдерді кептіруге, енді бірін үтіктеуге де болмайды екен.


​Сіз білесіз бе: Қандай киімді ЖУУҒА БОЛМАЙДЫ?

Фото: avatars.mds.yandex.net

Жаңа киімді бір жуғаннан бүлдіріп алу, киімнің тез тозуы, бірнеше кигеннен соң-ақ өңі немесе пішінін жоғалтуы... Шығынды арттыратын әрі көңіл-күйді түсіретін мұндай жағдайлар болып тұрады. Әсіресе, киімді жуу, кептіру, үтіктеу кезіндегі күтімді ескермейтіндерде.

Егер сіз де ескермейтіндер қатарынан болсаңыз, киімдеріңіздің дәурені көпке бармайды. Ал, әр бұйымға тиісті күтімді жасап тұрсаңыз, ол да ұзақ қызмет ететін болады. Бұл үшін сізге текстиль бұйымына жапсырылған затбелгі көмектеседі. Ондағы белгілермен танысып, тазалау-кептіру кезінде сол бойынша әрекет етсеңіз, киім сізге риза, сіз киімге риза.

Жуу

- Қайнап тұрған немесе жоғары температурадағы суға жуу. Мұндай жуу режимі әдетте мақта-матадан, зығырдан тігілген, ақ және бояуы кетпейтін түрлі-түсті текстиль бұйымдарына қолданылады.

немесе - 60 градус температурадағы суға жууға болады. Қайнап тұрған суды көтермейтін, жұқа мақта-матадан немесе полиэстер материалынан тігілген бұйымдарға қойылады.

немесе - Мұндай белгісі бар киімдерді жуғанда судың ең жоғары температурасы 400С-тан аспауы тиіс. Нейтралды жуу құралдарын қолданған абзал. Бұл белгілер мақта-мата, полиэстер және меланжды матадан тігілген бояуы қою және алабажақ киімдерге, вискоза мен синтетикалық талшықтардан тігілген жұқа ішкиімдерге қойылады.

немесе - Бұйымды нейтралды жуу құралдарымен салқын суда (300С) жуу белгісі. Әдетте кір жуғыш машинада жууға болатын жүннен тоқылған бұйымдарда таңбаланады.

- Тек қана қолмен жуу. Ысқыламау, сықпау қажет. Су температурасы 30-400С аралығында.

- «Жууға болмайды» деген белгі. Мұндай белгісі бар киімді тек химиялық жолмен тазалайсыз.

- Жууға болады.

- Абайлап жуу керек (щадящая стирка). Ыстық суға салуға, механикалық жолмен тазалауға болмайды. Сығу кезінде центрифуганың баяу режимін қосу керек.

- Ұқыпты жуу (деликатная стирка). Өте көп суда, минималды механикалық өңдеу, жылдам шаю режимінде тазаланады.


Сығу және кептіру

- Кептіруге болады.

- Кептіруге болмайды (әдетте «жууға болмайды» белгісімен бірге жүреді), яғни, тек табиғи жолмен кептіру керек.

- Кір жуғыш машинада немесе электрлі кептіру құралында сығуға және кептіруге болады.

- Кір жуғыш машинада да, электркептіргіште де сығуға және кептіруге болмайды.

- Сығуға болмайды.

- Төменгі температурада кептіру.

- Орташа температурада кептіру.

- Жоғары температурада кептіру.

- Абайлап сығу және кептіру.

- Ұқыпты сығу және кептіру.

- Тек қана тігінен кептіру.

- Сықпай кептіру.

- Тегіс бетте көлденең кептіру.

- Көлеңкеде кептіру.


Үтіктеу

- Үтіктеуге болады.

- Үтіктеуге болмайды.

- Жоғары температурада үтіктеу (2000С дейін). Мақта-мата, зығырдан тігілген текстиль бұйымдарды ылғал күйінде үтіктеуге, булау режимін қолдануға болады.

- Орташа температурада үтіктеу (1500С дейін). Мақта-мата, жібек, полиэстер, вискоза материалдарынан жасалған және жүннен тоқылған бұйымдар. Бетіне ылғал мата қойып немесе булау арқылы ылғалдандырып үтіктеуге болады.

- 1100С дейінгі төменгі температурада үтіктеу. Мұндай белгі полиакрил, полиамид, полиэстер, ацетат сынды синтетика бұйымдарға қойылады.

- Булауға болмайды.


Ағарту және химиялық тазалау

- Тек қана құрғақ тазалау (химиялық тазалау).

- Химиялық жолмен тазалауға болмайды.

- Кез келген еріткішпен химиялық тазарту.

- Құрамында көмірсутек, хлорлы этилен бар тазартқыш құралдармен химиялық тазалау.

- Шаршы астындағы бір сызық абайлап тазалау керектігін ескертеді.

- Ағартқыш құралдар қолдануға болады.

- Ағартуға болмайды. Мұндай белгісі бар киімді жуғанда да құрамында хлоры, ағартқыш элементтері бар жуу құралдарын қолданбаған абзал.

- Хлормен ағартуға болады.

- Хлорсыз ағарту құралдарын қолдану керек.

Міне, затбелгідегі таңбалар сыры осындай. Енді сіз қай киімге қалай күтім жасау қажеттігін оңай білесіз.

Дайындаған: А.Мейірханқызы,

ERNUR.KZ