​ТЕРІңіздің ҚҰРҒАЙ БАСТАҒАНЫН мына 5 БЕЛГІ арқылы біліңіз

0
4 447

Теріні тек ЖЫЛЫ СУмен жуу керек, ыстық немесе суық су терінің жағдайын одан сайын нашарлата түседі.


​ТЕРІңіздің ҚҰРҒАЙ БАСТАҒАНЫН мына 5 БЕЛГІ арқылы біліңіз

фото: shenny.ru

Терінің құрғауы адамның өзіне сезіледі. Бірақ бастапқы кездерде адам бірден білмеуі мүмкін, тері қатты құрғап тырысып немесе жарыла бастағанда ғана теріміздің құрғағанын сеземіз.

Алайда алдын алу шараларын жасамасаңыз, әлбетте осындай жағдайға тап боласыз.

Қатты құрғап кеткен теріге не істесең де нәтижесі жылдам көзге көрінбейді. Баяу әсер етеді. Соған қарамастан, құрғаған терінің жағдайын түзетуге болады.


Алдымен терінің құрғауының салдарын біліп алғаныңыз жөн. Терінің құрғауы көптеген факторлардың әсерінен болуы мүмкін. Ауаның ластануы, тамақтану режимінің бұзылуы, теріні тазарту тәсілінің дұрыс болмауы.

Қай фактордың әсер еткеніне қарамастан, біз теріміздің құрғақтығынан арылуға болатынын жақсы білеміз, бірақ проблеманы қалай шешу керектігін көпшілігіміз білмейміз.

Теріге жедел түрде көмек көрсету керектігінің 5 түрлі белгісін ұғып алайық.


1.СҰРғылт түсті тері

Таңертең ұйқыңыздан оянғанда, айнаға қарасаңыз бетіңіздің түсі өңсізденгенін байқадыңыз ба?Егер теріңіздің түсі сұрланып,

Өңі кете бастаса, демек тері құрғау кезінде терінің жаңаруына жауап беретін функция әлсіреген. Бұл оның өлі клеткалардан арылмайтынын білдіреді. Беті теріңіз солғын тартып тұрса науқас адамға ұқсап қаласыз. Сондықтан, сырқат адамға «ұқсамау үшін» көп мөлшерде косметика пайдалануға тура келеді.


2. МАЙЛЫ, ЖЫЛТЫР және ҚҰРҒАҚТЫҚ СЕЗІМІ

Құрғаған тері өзін қорғау үшін айлаға көшеді. Ол ылғалдандырудың жеткіліксіз екенін сезініп, ылғалды одан сайын көбірек шығындауға алып келетін жағдайларға кедергі жасай отырып, себумды өте көп мөлшерде шығара бастайды. Сондықтан егер теріңіз майлы болып көрінсе, оны «сықырлағанға дейін» тазартуға және құрғататын құралдарды қолдануға асықпаңыз. Сізге керісінше көбірек ылғалдандыру қажет болуы мүмкін.


3. БАРЛЫҒЫ ТІТІРКЕНДІРЕДІ

Құрғау кезінде терінің қорғаныс қабатының жұмысы да оңай болмайды. Оған қоршаған орта күн сайын беріп отыратын бактериялармен және ластанулармен күресу қиынға соғады. Сондықтан тері сезімтал бола түседі. Егер бұрын қолданып жүрген косметикалық құралдарыңыз тітіркену тудыра бастаса, бұл ойлануға тұрарлық себеп.


4. КЕНЕТТЕН ПАЙДА БОЛҒАН ӘЖІМДЕР

Егер бір күні айнаға қарап тұрып, күтпеген жерден әжім байқасаңыз, anti-age құралдарын қолдануға асықпаңыз. Өйткені, сіздің теріңіз құрғаған болуы мүмкін. Құрғап кеткен жемістің қандай күйде болатынын есіңізге түсіріңізші - оның серпімділігі жоғалып, бетін қыртыс басады. Дегенмен, көңіліңіз түспесін, сіз жеміс емессіз, бұл процесті қалпына келтіруге болады.


5. ТЕРІНІҢ ТАРТЫЛУЫ және ҚЫШУ

Кондиционерлер және температураның ауытқуы теріге әсер етеді. Қышу, тартылу, «қабыршақ» сезімі - жиі кездесетін себеп-салдар.


фото: laser-estet.ru

ҚАЛАЙ ЖОЮҒА БОЛАДЫ?

Ылғалдандыру қажет! Мұның барлығын қалай барынша тиімді жасауға болады? Терінің құрғауына қарсы бір ғана крем көмектеспейді. Ол үшін сатылап мына 3 тәсілді орындаңыз!


1.Теріні мұқият тазарту

Құрамында спирт жоқ ылғалдандырғыш компоненттері бар жұмсақ тазалау құралдарын таңдаңыз. Теріні жылы сумен жуыңыз, ыстық су теріні агрессивті тазалауға қарағанда көбірек құрғататындығын ұмытпаңыз!


2.Нәрлендіруші, ылғалдандырушы маскаларды қолданыңыз

Маскалар қысқа уақыт ішінде теріге ылғалдылық беріп, жарқыратуға қабілетті. Бұл нәрлендіретін майлар мен қышқылдардың көмегімен тері кедергісін қалпына келтіру есебінен жүреді. Кедергі дұрыс жұмыс жасаған кезде, ылғал ағзадан шығарылмайды.


3.Гиалурон қышқылын қолданыңыз

Құрамына гиалурон қышқылы кіретін ылғалдандыратын құралдарды таңдаңыз. Теріні нәрлендіруге және ылғалдығын сақтап қалуға келгенде бұл №1 көмекші. Біздің кеңестерімізді назарға алып, теріңіздің қалпына келуіне көмектесіңіз.

Дайындаған: Г.Жұмаділдаева,

ERNUR.KZ


Тағы да оқыңыз:


СӘНдік бұйымдардағы «ЖӘНДІКТЕР» нені білдіреді?

БОТОКС нәтижесін беретін коллагенге бай маска