​БОТОКС нәтижесін беретін коллагенге бай маска

0
2 234

Әжімдерді кешіктіру үшін табиғи ботокс нәтижесін беретін масканы қолданыңыз!


​БОТОКС нәтижесін беретін коллагенге бай маска

фото: ВКонтакте

Сұлулығыңызды сақтап, әжімдерден арылу үшін түрлі қадамдарға бармас бұрын ойланыңыз! Әрине, «сұлулық құрбандықты қажет етеді» деген түсінік бар әйелдер арасында. Дегенмен түрлі косметикалық процедураларға жүгінбестен алдын, табиғи жолмен, табиғи өнімдермен жасаруды қолданыңыз. Себебі жасанды жолмен сұлу боламын деп денсаулығыңызға қауіп төндіріп алудан сақ болып, алдын алғаныңыз жөн.

Ботокс, пластика, түрлі қымбат кремдер сізге пайдасын бергенімен, кез-келген қыз-келіншектің қалтасы мұндайды көтере алмасы анық. Сондықтан, қарапайым әрі арзан жолмен сұлулығыңызды сақтаудың жолдарын үйреніп алғаныңыз өзіңізге жақсы.



Табиғи ботокс эффектін беретін коллагенге бай маска
Құрамы:
- Қызанақ 2 ас қасық
- картоп крахмалы 1 ас қасық
- Витамин Е 1 капсула
Таза бетке жағып 15-20 минут ұстап жуып тастаймыз
Артынан сүйікті креміңізді жағып нәрлердіріп қоюға болады
Аптада екі реттен курс 1 айды қамтиды.

Ескеретін жағдай, алдымен аллергияға тест жасап қолдануды ұмытпаңыз!

Сонымен қатар, дұрыс тамақтану арқылы кемінде 10-15 жылға əжімдерді ұмытуға болады.


фото: stan.kz

Балық жəне өсімдік майлары

Əжім сізді ұзақ уақыт мазаламау үшін Омега 3 жəне Омега 6 майлары өте маңызды рөл атқарады. Аптасына кемінде 1 рет балық өнімдерін тұтыну қажет. Шпинат, асқабақ дәндері жəне өсімдік майларынан бадам, зығыр майларының пайдасы зор.


Жаңғақ

Коэнзим Q10 және Е дəрумені – бет терісін қалпына келтіру үдерісін жылдамдатады. Мамандар жаңғақты «мəңгілікке жасартушы өнім» деп санайды. Құрамында калория көп болғандықтан, қатты əуестенудің қажеті жоқ. Бадам, кешью, фундук, жер жаңғақтарды аптасына 3 реттен және 50 граммнан жеген абзал.


Көкөніс жəне цитрустық жемістер

Коллаген – беттің жұмсақ, əдемі қалпына жауап береді. Жас ұлғайған сайын коллагенді көбірек тұтыну қажет. Коллагеннің ең жақсы стимуляторы – С дəрумені. С дəрумені киви, қызыл бұрыш, ақжелкен, қара қарақаттың құрамында көп кездеседі.

Дайындаған: Г. Жұмаділдаева,

ERNUR.KZ


Тағы да оқыңыз:


ЖАС әрі СҰЛУ көрінудің 6 ЕРЕЖЕСІ


50 жаста 30-дағыдай көрінгіңіз келе ме?