Жазда көпшілікті тершеңдік мазалайтыны бесенеден белгілі. Суланған, иісі шыққан қолтық киімнің ғана сәнін құртпай, сіздің де көпшілік ортада сәніңді кетіреді. Бүгін онымен күресудің бірнеше амалын ұсынбақпыз, бұл панацея емес, тек өзіңізге ыңғайлы тәсілін қолданып көріңіз.
Жазда көпшілікті тершеңдік мазалайтыны бесенеден белгілі. Суланған, иісі шыққан қолтық киімнің ғана сәнін құртпай, сіздің де көпшілік ортада сәніңізді кетіреді. Бүгін онымен күресудің бірнеше амалын ұсынбақпыз, бұл панацея емес, тек өзіңізге ыңғайлы тәсілін қолданып көріңіз.
Қолтықтың тершеңдігін кетірудің халық арасында тараған тәсілдерінің бірі шалқан шырынымен жуу. Оны дайындау жолы да өте қарапайым шалқан өсімдігін үккіштен өткізіп, сөлін аласыз. Одан кейін қолтыққа және дененің басқа аймақтарына да жағуға болады.
Эфир майы. Косметикалық бұл май тершеңдікпен күресудің тамаша жолы. Бар болғаны мақтаға бірнеше тамшы эфир майын тамызып қолтықты сүртесіз. Күніне бірнеше рет қайталауға да болады. Сол кезде көп ұзамай-ақ нәтижесін көресіз.
Қолтық тершеңдігін басатын тағы бір дүние - алма сірке суы. Ұйқыға жатар кезде алма сірке суының аз мөлшерін мақтаның көмегімен қолтыққа жағу керек. Сірке суы терідегі бектерияларды жоюға көмектеседі, бірақ аллергия тудыруы мүмкін. Сондықтан сақ болыңыздар!
Фото: edinstvennaya.ua
Автор: @karashash_esenbay
ERNUR.KZ