2021 ЖАҢА ЖЫЛда қандай түс сәнде деп ойлайсыз?
Жаңа жылдық мерекелер жақындаған сайын, менің «ертегі әлеміне» енгім келеді. Сұп-сұлу ханшайымға айналып, өзіме көңілім толғанын, сенімімді арттыратын маникюр дизайнын таңдағым келеді.
СІЗде де осындай сезімдер орын алып жатыр ма? Ендеше ең сәнді тырнақ бояуын таңдаңыз.
Жаңа жылдық маникюрді жарқын түстерден таңдағаныңыз абзал, жылтыр әрі нәзік маникюрді ұнататындар үшін де өте әдемі дизайндар бар. Ол үшін қиялыңызға ерік берсеңіз де болады, жыл таңдауын таңдасаңыз да керемет.
Алдағы 2021 жыл ақ металл түс сәнде болады, сондықтан тырнақ бояуының барлық күміс реңктері жаңа жылдық маникюрге қосымша болады. Дегенмен, ең бастысы жаңа жылдық маникюр сіздің тұтас жаңа жылдық бейнеңізбен үйлесімді болуы керек.
ҚЫСҚА тырнаққа арналған жаңа жылдық маникюр 2021
Тырнағыңыздың формасы қандай екеніне қарамастан (қысқа және ұзын) тырнақтың әдемі техникалары мен дизайн түрлері ЕРЕКШЕ:
* көбік маникюрі
* тоқылған маникюр
* секиндер мен ринстондармен маникюр жасау
* абстракция
* суретпен маникюр жасау
* фольгамен маникюр жасау
* камифубукимен маникюр жасау
2021 жылы қысқа тырнақтар тренд болып қала береді, шаршы пішінді, сопақша және жұмсақ шаршыға басымдық беріңіз.
Егер тырнағыңыз қысқа болса, дизайн тым күрделі болмауы тиіс. Қысқа тырнақтарға арналған жаңа жылдық маникюр 2021- бұл жылтыр түс, қиыршық тастар, фольга, жаңа жылдық суреттері бар дизайн.
ҰЗЫН тырнаққа арналған жаңа жылдық маникюр 2021
Ұзын тырнақтың иесі болсаңыз немесе ұзын тырнақ жапсыруды шешсеңіз, өте ерекше, өте әдемі және стильді жаңа жылдық маникюр жасай аласыз. Тек қана мұндай маникюр шынайы көрінбейді, дегенмен сәнді.
Ұзын тырнаққа арналған 2021 жаңа жылдық маникюр күңгірт немесе жылтыр болып келеді. Ұзын тырнаққа ерекше өрнектер сала аласыз. Жаңа жылдық атмофераны сезіндіре алатын барлық суреттерді сала аласыз. Мысалы: әдемі қар ұшқындары, шырша безендіретін әшекейлер, аққала, аяз ата және басқа да жаңа жылдық кейіпкерлер.
2021 жаңа жылдық мерекеге арналған тырнақ бояуларының мынадай түстері өзекті болады:
* сарғыш піл сүйегі (слоновая кость)
* інжу
* нәзік қызғылт
* аспан түстес
Бұл түстер өте әдемі, жаңа жылдың басты түстері болуға лайық. Өйткені бұл түстер- табиғи. Ал табиғи түстер жыл бойы сәннен түспейді.
Дайындаған: Г.Жұмаділдаева,
ERNUR.KZ