​Баланы ерте жастан дамыту қауіпті ме?

0
3 709

Қазіргі жас ата-аналар бала дүние есігін ашқаннан кейін алғашқы айларда-ақ, оны дамытудың жолдарын жоспарлап жатады.


​Баланы ерте жастан дамыту қауіпті ме?

Адамның миы 3 жасқа дейін қарқынды түрде дамиды. Бала туғаннан кейін айналасындағы ортадан, анасымен қарым қатынастан алатын тәжірибесі, мидағы нейрондық байланыстардың қалыптасуына алып келеді.

Қазіргі жас ата-аналар бала дүние есігін ашқаннан кейін алғашқы айларда-ақ, оны дамытудың жолдарын жоспарлап жатады. Сол үшін де ерте жастан балаға қосымша тапсырмалар жүктейді. Алайда баланы ерте жастан дамытуды бастаған жөн бе? Оның пайдасы немесе зияны бар ма?


Ерте жастан дамытудың оң тұсы

Баланы ерте жастан дамыту неліктен маңызды? Дамытатын жаттығулардың басты ерекшелігі – ата-ана баламен бірге әрекет етіп, белсенді түрде араласады. Бірге әңгіме айтады, ойнайды және көп уақытты бірге өткізеді. Осыдан бала жүйкесі толыққанды және сау болып өседі. Ерте жастан дамытудың өзге де қосымша тұсы:

  • Баланың табиғи потенциалы, шамасы өседі.
  • Қоршаған орта туралы маңызды ақпараттар алады, қызығушылығы мен ойлау қабілеті артады.
  • Мидың тең дамуы, жүйке дамуының жылдамдауы
  • Өзін жоғары бағалау. Бала ата-анасынан мақтау, қолдау естіген кезде ол өзін мақтан тұтады. Ары қарай тапсырманы одан да жақсы істеуге ынта пайда болады.
  • Жылдам жинақтала алады және назарын бағыттай біледі.

Тұрақты түрде қиын емес тапсырмаларды орындау баланы мектепке дайындауға көмектеседі және тәртіпке үйретеді.


Ерте жастан дамытудың кемшіліктері:

Көбіне ата-аналар перзентінің қалауын ұмытып, өзі қалаған тапсырманы балаға жүктеп қояды. Ата-аналар тәрбие мен дамытудың жаңа тәсілдерін үйренуге көп уақыт жұмсайды. Бірақ мұндай кезде көбіне баланың ықыласы ескерілмей қалады. Нәтижесінде бала дамытушы ойындар мен өзге де тапсырмаларға қызығушылығы жылдам басылады. Баланы ерте жастан дамытудың кемшілігі:

  • Шектен тыс шаршау (ата-ананың тапсырман орындау баланың көп күш жігерін алып қояды)
  • Ата-ананың шектен тыс талаптарынан күйзеліс деңгейі жоғарылайды
  • Тапсырмаларға дайын болмау
  • Ата-ананың баланың дарынды екенін қалайда көрсетуге талпынуы
  • Бала кезде мидың оң жарты шары басымырақ келеді, Өйткені, олар айналаны сезімдер арқылы қабылдайды. Олар қиялдай біледі, бірақ ақпаратты дұрыс талдай алмайды.

Ерте дамыту салдарынан миының сол жақ жарты шары дамып, оң жақ жарты шардың дамуы артта қалады дейді.

Қолданыстағы әдіс-тәсілдердің басты міндет – қатарластарымен салыстырып, жарыстыру емес, ондағы мақсат баланы дамыту, оқыту.


Ерте дамытудың негізгі әдіс-тәсілдері мен ережесі

Ерте дамыту тақырыбы маңыздылығын жоғалтпайды. Баласының жарқын болашағы үшін кез-келген ата-ана уақыты мен күш жігерін аямайды. Тек кейде ата-аналар қандай тәсілді таңдауды білмей жатады және уақытты дұрыс таңдамайды.


Баланы дамытуды қай жастан бастаған дұрыс?

Танымал, белгілі әдіс-тәсілдер бойынша баланы дамыту 1-1,5 жастан басталады. Осы жаста бала айналасын белсенді танып білуді және дербес болуды үйрене бастайды. Бұл кезеңде негізгі назарды сенсорлы дамуға және қарым-қатынастық дағдыға аудару керек. Ал педагог маман пікірінше, бұл жаста баланың ағзасын шынықтыруға арнаған дұрыс екен. Ал математикалық дағдыны болашаққа қалдырған жөн. Бала 4-5 жасқа келгенше заттардың көлемін салыстырып және 10-ға дейін санай алса болғаны.


Баланың ерте жастан дамуына кедергі келтіретін жағдайлар

Балада қорқыныш немесе жайсыздық болса, дамытуға арналған жоғарыдағы тәсілдердің ешқайсысы қалаған нәтижеге жеткізбейді. Қорқыныштан өзге мына жағдайлар да бала дамуына кері әсер етеді:

  • Нақты күн тәртібі және баламен отыратын анық уақыттың жоқтығы
  • Ананың балаға көңілді аз бөлуі (қолға алмау, сөйлеспеу)
  • Ананың көңіл күйінің болмауы
  • Ересектердің жиі ұрысып, сөзге келуі
  • Балаға жиі ұрысу
  • Балаға қамқорлық жасайтын жандардың жиі ауысуы

Баланы ерте жастан дамыту үшін, өзіне сай келетін орта құру керек. Баланың дене белсенділігін арттыру, заттарды танып білу үшін арнайы ойыншықтар әперу.


Бала 5-6 жасқа дейін не істей алуы керек:

1,5-3 жас – сөздерді айқын қабылдай білетін, сөздік қорын толтыратын кезең. Бұл жастағы бала шет тілдерін үйренуге өте бейім. Сондай-ақ, моториканы дамытуға, объектілерді манипуляциялауға, тапсырысты қабылдау үшін қолайлы.

3-4 жас. Бұл кезең сандар мен әріптерді символдық белгілеу, хатқа дайындықпен танысу үшін қолайлы. Сана сезімі мен өз ойларын түсінуі дамып, сезім мүшелерінің қарқынды дамуы жүреді.

4-5 жас. Бұл кезең музыка мен математикаға деген қызығушылықтың дамуымен сипатталады. Баланың хатты, түсті, заттардың пішінін, өлшемін қабылдау белсенділігі артып, қарқынды әлеуметтік дамуы артады.

5-6 жасында жазудан оқуға көшудің қолайлы кезеңі басталады. Бұл – баладағы әлеуметтік дағдылар мен мінез-құлықты қалыптастыру үшін өте маңызды кезең.

Ғалымдар ми жасушаларының дамуы 3 жасында 70 пайызға, ал алты жасында 90 пайызға аяқталатынын анықтаған.

Баланы ерте жастан дамыту – ақылды, оқуға қабілетті, бақытты бала өсіруге мүмкіндік. Дамытуға арналған сабақты бала жасқа толмай жатып бастауға болады. Алайда ата-ана тепе-теңдікті сақтап, баланың да арманы мен қызығушылығына назар аударып, көңіл бөлу қажет. Сондай-ақ баланы оқыту кезінде дағдыларды қалыптастыру үшін ең қолайлы жас кезеңдерін ескеріңіз. Мысалы, үш жасқа дейін баланы тәртіпке, 6 жасқа дейін қоршаған адамдармен қарым-қатынас жасауға үйрету керек.


Дайындаған: Э.Базарбаева,

ERNUR.KZ