Аяқтағы кішкентай саусақ қысқа болған сайын ер азамат сенімді болады. Кішкентай саусақ ұзын болған сайын иесі көңілді, жеңіл ойлы және көпшіл келеді.
Жігітпен кездескенде ең бірінші кезекте неге назар аударасыз? Көзінде мейірім бар ма, қолы қауқарлы ма? Немесе көзіңізді ерекше, жарқын күлкісі әлде ұқыпты, тартымды келбеті арбады ма? Осыларды толықтыратын тағы бір белгіні айта кетейік.
Әсіресе жаз айында жалаңаяққа аяқ киім киіп жүргенде осы белгіге қарап, яғни аяқтың саусақтарына мән беріп, жігіттің қандай екенін білуге болады. Иә, аяқтағы саусақтарға қарап ер азаматтың мінезін, қарым-қатынасқа қандай екенін болжауға болатын көрінеді.
Бас бармақ
Әдетте бас бармақ өзге саусақтардың барлығынан ұзын әрі жуан болады, басқалай да кездеседі. Егер жігіттің бас бармағы өзге саусақтарынан ұзын әрі жуан болса, онда оның ойы өткір, шығармашылық қабілеті жақсы дамыған. Ол өзіне сенімді, кез келген мәселеге бақалардан өзгеше қарайды, үнемі энергиясы тасып жүреді. Бармағы ұзын жігіттердің бір ғана кемшілігі – бір нәрсеге нақты тоқтала алмайды. Егер жігітіңіздің бас бармағы айтарлықтай ұзын болмай, өзге саусақтарымен теңесіп тұрса, онда ол өзінің күші мен мүмкіндігіне толықтай сенімді емес дейді мамандар. Ол өз ойын, идеяларын достарымен, сүйіктісімен бірге талқылап, дамытқанды дұрыс санайды.
Сұқ саусақ
Екінші саусақ (оң аяқтағы) жігіттің өмірден нені қалайтынын көрсетеді. Егер екінші саусақ ұзын болса, демек сіздің алдыңызда тума көшбасшы жігіт тұр. Ол өзіне өте сенімді, өзгелерді қызықтырып, өзіне тарта біледі. Мұндай ер азамат өзін дамытып, алға қойған мақсаттарына жетуге тырысады.
Бастапқыда мұндай қасиеттер қыздарды еліктіріп алып кетуі мүмкін. Алайда отбасылық өмірде бұл өте қатты кедергі келтіреді. Ол өз мақсатына жету үшін жарына, балаларына көңіл бөле алмауы мүмкін. Сұқ саусағы ұзын емес жігіттердің жаны жұмсақ келеді, ақылға қонымды ой айтады.
Орташа саусақ
Орташа саусақтың өлшемі адамның ішкі энергиясы мен ерік жігеріне әсер етеді. Орташа саусақ ұзын болған сайын, ер азамат өмірге құштар, белсенді келеді.
Ұзын орташа саусақ иесі нағыз еңбекқор ғана емес, сонымен бірге көңілді дос, керемет мырза, қамқор ұл.
Аты жоқ саусақ
Аяқтағы төртінші саусақ иесінің қарым-қатынаста қандай екенін көрсетеді. Егер аты жоқ саусақ ұзын әрі түзу болса, онда ол ер азамат нағыз ұқыпты отағасы бола алады.
Оның жаны жараланғыш, жүрегі жұмсақ келеді, сүйе біледі, өзін де құрметтеп бағалай білгенді қалайды. Ол әркім-ақ арнмандайтын сенімді отағасы, қамқор әке бола алады. Аты жоқ саусақ кішкентай болған сайын ер азамат отбасына қарағанда достарына, жұмысына, хоббиіне көбірек басымдық береді.
Қызықты факт!
Дос, туыстарыңыздың бірін өзіне жақын адам туралы әңгімелесуге шақырып көріңіз. Сол адам туралы кез келген жайсыз айтылған әңгіме кезінде төртінші саусақ еріксіз қимылдайды екен. Мұның неге олай болатыны түсініксіз.
Кішкентай саусақ
Есіңізде болсын, кішкентай саусақ қысқа болған сайын ер азамат сенімді болады. Кішкентай саусақ ұзын болған сайын иесі көңілді, жеңіл ойлы және көпшіл келеді.
Мұндай жандармен бірге уақыт өткізу өте керемет, бірақ мықты, берік қарым-қатынас құру мүмкіндігі өте аз. Сондай-ақ ер жігіт кішкентай саусағын өзгелерінен бөлек қимылдата білсе, бұл жауапкершілігінің аз, тұрақсыз екенін білдіреді.
Дайындаған: Э.Базарбаева,