Нағыз ЕР-АЗАМАТТЫҢ 6 БЕЛГІСІ

0
695

Егер ер азамат сізден өзінің өмірлік серігін көре білсе, өмірінің құндылығы деп санаса, онда ол сізге ҚОРҒАН болуға тырысады.


Нағыз ЕР-АЗАМАТТЫҢ 6 БЕЛГІСІ

Ер-азаматтар әйелге қарағанда өз махаббатын басқаша көрсетеді. Сүйіспеншілікті махаббаттан ажырата білу керек: біріншісі өтпелі, бар қызық жыныстық қанағаттанушылықтан кейін басылып қалады. Қызығып қара, үнемі мақтап, керемет сөздер айту, гүл жіберу – мұның барлығы құштарлық, сүйіспеншілік. Әйелдер үнемі осылай болады деп ойлайды. Алайда, мұндай махаббат орташа алғанда 6 айға ғана созылады. Ал, бұл уақытта нағыз махаббат, шынайы сезім туып үлгере ма, ол үлкен сұрақ болып қала береді.

Мінсіз болу үшін үлкен махаббат құру керек және құштарлықты сақтай білу қажет. Ер-азаматтың сезімі шынайы екенін түсіну үшін төмендегі кеңестер көмектеседі деген сенімдеміз.


Сізге құқылы болуға асығады

Егер ер-азамат сізден өзінің өмірлік серігін көре білсе, өмірінің құндылығы деп санаса, онда ол сізге құқылы болуға тырысады. Яғни тезірек үйленгісі келеді, менің жарым деп таныстыруға асығады.

Олардың қызды өз достарына, туыстарына таныстыруы көп нәрсені білдіреді: «танысып қойыңыздар менің қызым...» - сіз ресми түрде келін болатын жанның дәрежесіндесіз. «Бұл қыз Әсем» - ол сізді жай ғана таныстырды. Демек сізге деген көңіліндегі сезім уақытша.


Жеке жоспарымен бөліседі

Ер жігіт жоспарымен бөлісіп, оның ішінде сіз болсаңыз, оны бірге талқыласаңыздар, бұл шынайы көңілдің белгісі. Шын жақсы көретін жанның ойында үнемі сүйіктісі жүреді. Сондықтан жұмыс ауыстыру, демалысқа шығу, тағы басқасының бәрі екеуінің арасында талқыға салынады. Себебі ер азамат сүйіктісінің де пікірін және қалауын білгісі келеді.


Материалды жағынан қамтамасыз етеді

Бұл негізгі белгі, ал қалған белгілер – ұсақ-түйек. Ер азамат шынайы жақсы көрсе, сүйіктісі үшін ақшасын да, уақытын да аямайды. Қарым-қатынасты бастамай тұрып «әйелім мен балаларымды қамтамасыз етіп, керемет өмір сүруге жағдай жасай аламыне ба», деген ойда болады. Кей жігіттер шамасының жетпейтінін ашық айтса, енді бірі өзін алдап, өтірігіне қызды да сендіріп, бар уәдені үйіп-төгеді.

Кейбір ер азаматтар өзінен басқа ешкімді жақсы көре алмайды. Олар – қорқақтар, сараңдар. Себебі, жақсы көру үшін батыл, сенімді, жомарт, өзге үшін құрбан болуға дайын болу қажет. Қорқақ, сараң жандар мұндайға бара алмайды. Олар үнемі қорқып жүреді, үнемі бір нәрсе жетіспейді, өзгелерден аяғанын, өзіне мейлінше жұмсайды. Нағыз ер азамат өмірінің мәні – отбасын бақытты ету деп біледі.


Қорғай біледі

Ер азамат өзі жақсы көретін жанды жан-жақты қорғай біледі. Қорғаудың негізгі мәні – сүйіктісін қорқыныштан арылту. Физикалық күш көрсету немесе жүйкесіне тиген болсын, қандай жағдайда да жақсы көрген жанын қорғайды. Тіпті ата-ана, бауыр, достарына да сүйіктісі үшін қарсы келе алады.

Бірақ көп жағдайда ер азамат әйелді өз-өзінен қорғай білу керек: өз ашуынан, өз ынжықтығынан, жауапкершіліксіздігінен. Егер әйел мазасыз болса, демек ер азаматы дұұрыс қорғай алмайды. Ерінің қамқорлығындағы әйел сабырлы және бақытты болып жүреді.


Адал

Әрине бұл айқын белгі – ер де әйел де көңіл жарастырып, отбасын құрғаннан кейін бір-біріне адал болулары керек. Адалдық тек опасыздық жасаумен ғана өлшенбейді, оның аясы кең. Кез келген қырындау, әлеуметтік желідегі жазбалар, өзге әйелдердің фото, видеосын қарап, оны достарымен талқылау да опасыздыққа жатады. Әрине, сұлу қыз-келіншекті көргенде мойын бұрмайтын еркектер жоқ шығар. Бірақ, нағыз ер азамат мұндайда өзін басқара біледі.


Сөзінде тұрады

Бұл да адалдыққа жақын. Әрбір әйел болашаққа қобалжумен, кішкене үреймен қарайды – бұл оның табиғаты. Ол қорғаймын, қолдаймын, тіреу боламын деген жанындағы жолдасына сенім артады. Шын сүйетін жан берген уәдесінде тұрады.



Дайындаған: Э. Базарбаева,

ERNUR.KZ.