САРАҢ еркек АҚЫЛДЫ ма, әлде ҮНЕМШІЛ ме?

0
2 548

Үнемшілді "сараң" деуге бола ма?


САРАҢ еркек АҚЫЛДЫ  ма, әлде ҮНЕМШІЛ ме?

Ғашық жан үшін жігіттің сараңдығы ұсақ нәрсе секілді көрінеді. Уақыт өте қарым-қатынас заңды түрде бекітіледі, ал еркектің сараңдығы сол кезде мәселеге айналуы мүмкін. Әрине, сараң еркектер көп емес шығар, бірақ жоқ та емес.

Әйел баласы қай жерге барса да құр қол барғанды ұнатпайды. Ал ол кейбір еркектерге мүлде жақпайды. «Міндетті түрде бірдеңе алмасаң болмай ма?» немесе арзымайтын ақша беріп «алғаның осы-ақ па?» дейтіндері кездеседі.

Кейбір ер азаматтардың сараңдығы тіпті шектен шығып кетеді. Олар әйеліне, балаларына ғана емес өзіне де ештеңе қимайды. Ондай жандар ақшаның жетіспеушілігінен сараң емес, тек өзінің ұстанымы солай. Ол ешкімге бермейді, тиісінше ешкімнен жағымды эмоция көрмейді.


Еркектің сараңдығының белгісі

Ең бірінші кезекте қасыңызда жүргенде күйеуіңіздің қандай сөз айтатынына мән беріңіз. Сараң еркек «қымбат екен», «бұны біздің қалтамыз көтермейді», «өзіңде ақша бар шығар, ала сал» деген секілді сөздерді жиі айтады. Бұдан өзге де кейбір белгілер еркектің сараңдығын көрсетеді.


  • Өзі қалай болса солай киініп жүрсе де жиған ақшасы болады. Сондай-ақ ондай ер-азаматтар ешқайда шықпайды, қымбат сауда жасамайды. Барлық қалған ақшаны тиынына дейін есептеп отырады.
  • Ешкім сұрамаса да қай нәрсенің қанша тұратынына дейін айтып отырады.
  • Ол ештеңе алмаудың мың себебін ойлап табады.
  • Бір затты сатып алу үшін ақша бергенде қабағы түйіліп, түрі өзгереді.


Бұдан бөлек әйелдің өзі де кейбір әрекеттерімен ер-азаматтың сараңдығын бекіте түседі. Мәселен, ақша басқа қажеттілігімізге қажет болады деп, сыйлықтардан саналы түрде бас тартады.


Сараңдықтың себебі

  • Ер адамның сараңдығының себебі өткен шақтағы жетіспеушілік, кедейлік болуы мүмкін.
  • Өзін өзгелерден кем сезіну, сараңдыққа, тіпті ашкөздікке алып келеді.
  • Сараң еркек бүгінгі күнмен емес, болашақпен өмір сүреді. Ол ертеңге, кейінге деп жинап жүріп жылдардың қалай өтіп жатқанын байқамайды.
  • Әйеліне сенімсіз. Алғаш үйленген жылдары әйелімен толық жарасып кететініне көзін жеткізбейінше көп шығын жасамауға тырысады.
  • Әлсіздік, қорқақтық, өз-өзіне деген сенімсіздік – еркектің сараңдығының негізгі белгісі.


Әйел сараң еркектің қасында өзін қалай ұстауы керек?

  • Сараң еркекпен қалай тұру, өзін қалай ұстау – бұл әйелге байланысты. Сараңдықты жеңудің басты құралы - ашық әңгіме. Ер-азаматтың өткен шағы қиын болған болса, онда жағдайды қалыпқа келтіру оңай. Ол үшін барлық шығындарды бірге есептеп, қайда, қанша жарататыныңызды алдын ала жоспарлап алу қажет. Жолдасыңызға айтпай ештеңе сатып алмаңыз. Кететін шығын туралы анықтап, сабырмен жеткізе білсеңіз, сараң адам да жібиді.


  • Егер жолдасыңыз болашақпен өмір сүретін болса, онда алдағы уақыттың күнін, айын нақты белгілеу туралы сөйлесіңіз. Яғни алдағы уақытта белгілі бір затты алуды немесе демалысқа баруды жоспарлап, ақшаны соған жинап жүрмін деген жағдайда нақты күнді белгілеп қойыңыз. Мынадай күнге осы затты алайық, әйтеуір алдағы уақытта демалысқа барамыз демей, мына айға, күнге барайық, деп әйел әдемі жеткізе білсе көнбейтін адам болмаса керек.


  • Егер ер азаматыңыз сізге деген сенімсіздіктен сараң деп ойлайтын болсаңыз, онда жолдасыңызды үнемі мақтап жүріңіз. Көбірек көңіл бөліп, оның шын мәнінде өзіңізге ең жақын адам екенін көрсетуге тырысыңыз.


  • Тек ер адамдар ғана емес әйелдердің де сараңы болады. Әйелдің сараң, ақшаға қатты болғаны кейбір еркектерге ұнайды. Сараң әйелдер барлығын үнемдеп, кез келген істен пайда іздеп жүреді. Бұл әрекеті оның айналасындағы жандарды алыстатады. Сондықтан шектен тыс үнем мен сараңдықтың адам өмірін құртатынын ескерген жөн.


Сараң еркек жомарт жанға айнала ала ма?

Көп жағдайда әйелдер ер азаматын өзі қалағандай етіп өзгерту үшін күреседі екен. Алайда мұндай күрес әрдайым жеңіспен аяқталмайды. Жақсы нәтижеге жету үшін ең алдымен жай, жылы сөйлесу керек. Ешқандай да қысым жасалмауы тиіс, асықпаңыз. Егер қысым жасалса керісінше ерегісіп кетуі мүмкін. Алдымен мақтап, ары қарай өз пікіріңізді жаймен ғана тұспалдап жеткізіп отырған дұрыс.


Әрине, кез келген жан кіммен тұратынын өзі таңдайды. Егер таңдауыңыз сараң жанға түссе, сол жанмен бақытты өмір сүру үшін күресе білу керек. Өзіңіз өзгеріңіз немесе жағдайға байланысты өз қарым-қатынасты өзгертіңіз.


Дайындаған: Э.Базарбаева,

ERNUR.KZ.



ЕРЛІ-ЗАЙЫПТЫНЫҢ арасында ЖЕКЕ ШЕКАРА болу керек


ЕРЛІ-ЗАЙЫПТЫ қарым-қатынасты САҚТАУЫ КЕРЕК ПЕ


Еркектер МЫНАНДАЙ ӘЙЕЛМЕН өмір сүргісі келеді