​"Адалдық дүкені» – қоғамдық сананы жаңғыртады

0
2 928


​

Түркістан облысы Түлкібас ауданындағы Түлкібас агробизнес және саяхат колледжінде «Адалдық дүкені» жобасы жүзеге асырылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі Түлкібас агробизнес және саяхат колледжінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Түркістан облысы білім басқармасы мен Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің бастамасы негізінде "Адалдық дүкені" жобасы жүзеге асырылуда.

«Жобаның басты мақсаты – қоғамда сенім атмосферасын біртіндеп құру және студент жастарға өзін жақсы, адал адам ретінде анықтауға мүмкіндік беру болып табылады, - дейді ұйымдастырушылар.

Адалдыққа, адамдыққа үндейтін аталған жоба студенттерге өмірде өз жолын адаспай табуға, маңдай термен адал ақша табуға, тапқан табысын жақсылыққа жұмсауға үйретеді. Сыбайлас-жемқорлықтың жолы құзға, ал адалдықтың жолы шыңға жетелейтінін үйретеді. Осы жобаны түсінген әрбір жас өрен келешекте еліне адал қызмет ететін, біреудің ақысын жеуден сақтанатын нағыз азамат болып ержетеді.