Полицейлер тексеру барысында оқиғаның Қазығұрт ауданында болғанын анықтаған.
Түркістан облысы, Қазығұрт ауданында үш баласын аяусыз ұрып-соққаны әкенің видеосы әлеуметтік желіге тарады. Аталған бейнежазбаға қатысты Түркістан облыстық ПД баспасөз қызметі ресми жауап жіберді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
"Әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында Түркістан облысы Полиция департаментінің полицейлері белгісіз ер адамның кәмелетке толмаған баланы ұрып-соғып жатқан бейнежазбасын анықтады. Тексеру барысында оқиғаның Қазығұрт ауданында болғаны айқындалды.
Аталған жайтты полицейлер ҚР ҚК-нің 110-бабы "Азаптау" бойынша Қазығұрт АПБ-нің СДТБТ-не тіркеді. Кінәлі азамат заңды түрде жауапқа тартылатын болады. Сонымен қатар, аудандық учаскелік полиция инспекторына қатысты қызметтік тексеру жүргізілуде.
Қазіргі уақытта аталған жайттың толық мән-жайы анықталуда", - делінген Түркістан облыстық ПД баспасөз қызметі хабарламасында.
Айта кетейік, журналист Жазира Бегалы өзінің facebook-тегі парақшасында бір еркектің балаларын аяусыз ұрып соққаны туралы видоны жариялап, тиісті органдардан көмек сұраған болатын.